gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулық тұрғын ұлттық нақыштағы киім тігеді

2 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулық тұрғын ұлттық нақыштағы киім тігеді
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласында тұратын тұрғын Ботагөз Бейсембекова «Тігін шеберханасы» жобасы аясында грант алып, мемлекеттік қолдаудың арқасында ұлттық киімдердің түр-түрін тігуді қолға алған. Кәсіпкер моншақ, тастар және бисермен кесте тігуден бастап, киім тігумен алты жылдан бері айналысып келеді.
Ботагөз Мұратқызының айтуынша оның негізгі мамандығы архитектор. Сол мамандығы қазақы киімдерді пішуде үлкен пайдасы тиген. Қазіргі таңда күнделікті киіп жүруге шапан, белдемше, камзол, кеудеше, кәжекей, жеңіл жейделерге сұраныс артқан. Ол аталған киімдерді киіп жүруге ыңғайлы етіп тігіп, кез-келген ортаға кие алатындай етіп тұтынушының талғамына сай дайындап береді. Түрлі тастармен оюлап тіккен дүниелері көздің жауын алады. Тігінші қыз ұзату мен жас келіндерден де тапсырыс алып, ерекше өрнектелген үлгіде көйлектер тігіп береді.
Сонымен қатар, кентаулық кәсіпкер қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап Алматы, Астана қалалары мен Отырарда өткен дүниежүзілік қолөнер көрмелерінде ұлттық нақышта тіккен киімдерін көрсетіп, бірнеше марапаттарға ие болып, шебер тігінші атанған.
Previous Post

Түркістан облысында жаңа мақта сорты өсіріле бастады

Next Post

Дархан Сатыбалды жетісайлықтарға ауданның даму жоспарын баяндады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz