gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «Ауыл аманатының» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды

2 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды «Ауыл аманатының» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Жетісай ауданында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Облыс әкімі Қарақай ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған шағын отбасылық сүт фермасында болды. 7 млн теңге көлемінде несие алған ауыл тұрғыны 30 сауынды сиыр сатып алған. Жылына 33,5 тонна сүт сатуды жоспарлап отыр. Мал баққан соң, қазақтың ақбас сиырын өсірген тиімді екенін білетін шаруа алдағы уақытта асылтұқымды сиыр сатып алмақшы. Осылайша мүйізді ірі қара малдың өнімділігін арттыруды көздеп отыр.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 млрд теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 1 544 жоба қаралып, жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 1 272 жоба мақұлданды. 2 млрд теңге құрайтын 389 жоба қаржыландырылып, 272 жоба бағдарламада бектілген ережеге сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 — ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.
— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды.
Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі жұмыс сапарында Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабында болды.
500 гектарға жуық жерде мақта, жүгері, жоңышқа және бақша дақылдары егілген. 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында диқандармен кездескен Д.Сатыбалды егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір алмасты.
Previous Post

Дархан Сатыбалды жетісайлықтарға ауданның даму жоспарын баяндады

Next Post

Облыс әкімі аппаратының басшысы Мақтаарал ауданының спорт нысандарын аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz