gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан облысының спортшылары Азия ойындарында бақ сынайды

12 августа, 2023
in Спорт
0
Түркістан облысының спортшылары Азия ойындарында бақ сынайды
Share on FacebookShare on Twitter
Күз айында Қытайдың Хуанчжоу қаласында өтетін кезекті Азия ойындары өтеді. Қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында өтетін құрылықтық додаға Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты бір топ шәкірттері қатысып, бақ сынайды.
Мектеп директоры Шынболат Райхановтың айтуынша әр төрт жыл сайын алауы жанатын құрлықтық додаға қатысушылар бүгінде тыңғылықты дайындалып жатыр. Аталмыш ұжымның шәкірттері Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келідегі Сәкен Бибосынов пен талай жекпе-жектерде жеңіске жетіп келе жатқан талантты боксшы 86 келідегі Сағындық Тоғамбай, садақ ату шебері Бунёд Мирзаметов, таеквондошы Нұрлан Мырзабаев, бадминтон спортынан Дмитрий Панарин мен Камила Смагулова, ескек есуден Бекарыс Раматуллада, теннистен Гюзаль Айнитдинова да ел намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде спорттың 11 түрі, атап айтқанда: бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, академиялық есу, байдарка және каноэде есу, бадмитон, садақ ату, теннис спорт түрлері бар. Жалпы осы аталған спорт түрлерінде 123 спортшы кәсіби тұрғыда спортпен шұғылданса, 70 спортшысы еліміздің ұлттық құрамасы сапында шыңдаулуда. Ал, тәжірибелі 29 жаттықтырушы спортшыларды жан-жақты дайындауда. Бүгінде аталған ұжымның спортшылары әлем, Азия чемпионаттары мен елшілік додаларда нәтижелі өнер көрсетіп, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 110 медальді облыс қоржынына салды.
Previous Post

Жетісайда мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілуде

Next Post

Дархан Сатыбалды құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz