gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайдағы орталық саябақ жөнделіп жатыр

18 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайдағы орталық саябақ жөнделіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық саябақта болып, мердігер мекеме басшыларымен кездесті. Құрылыс жұмыстарының барысымен, сапасымен танысты. Аудан басшысы алдымен орталық саябақтағы жалпы құны 1 057 713,858 мың теңге болатын дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биыл ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда. 2022 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 200 млн теңгені толық игерген мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС мердігер мекемесі бірқатар шикіліктердің бар екенін, құрылыс сызбасына өзгерістер енгізілгенін айтады.

«Мемлекеттің әрбір тиыны мақсатты жұмсалуы тиіс. Қаланған әр кірпіш пен қағылған әр қазық, атқарылған әр іс сапалы болғанда ғана ел бізге рахмет айтатын болады. Сондықтан, табыс табу мақсатында емес, елден алғыс алу ниетінде жұмыс жүргізіңіздер», — деген Серік Үсенұлы жобаға енгізілген өзгерістермен де жіті танысып шықты.

Жаңарған жоба іске қосылған соң жалпы ауданы 17,14 га болатын орталық саябақта қала тұрғындарына арналған арнайы демалыс орындары, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, үлкендер мен бүлдіршіндерге арналған бассейндер, биіктігі 5 метрге дейін жететін су бұрқақтары мен сауда дүңгіршектері іске қосылып, кіре беріс қақпасы жаңартылатын болады.

Previous Post

Сарыағаштағы мектептің құрылысы уақытылы аяқталмаса, мердігер жауапқа тартылады

Next Post

Сарыағашта жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін заманауи кәсіпорындар салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz