gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар көбеюде

20 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар көбеюде
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі күні кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Биыл елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам алаяқтық қылмыc тіркелсе, оның 3 пайызы, яғни 670-і Түркістан облысында орын алған.

Интернет желісіндегі қызмет түрлері күннен күнге көбейіп келеді. Соған сәйкес интернет–алаяқтық қылмыстар да өсіп, қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отыр.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай-ҚК) 190 бабының 1-бөлігінде «алаяқтық» деген сөзге мынадай түсінік берілген: «Алаяқтық — бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену». Қарапайым тілмен айтқанда, алаяқтық-алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкіне қол салу болып табылады.

Аталған бап 4 бөліктен тұрады. Егерде кінәлі адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190 бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса, ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алаяқ адамдармен алдын ала сөз байланысып, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдаса немесе оның сенімін теріс пайдаланса, я болмаса мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылық әрекеттерге барса аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.  Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген.

Қылмыстық топ аса iрi көлемде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшерінен асатын көлемде алаяқтық әрекет жасаса, аталған баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Қандай жағдай болмасын қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкі тәркіленеді.

Бүгінгі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер кең таралуда.  Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін.

Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасайды. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлеріне интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету жатады. Сондай-ақ, адамдарға өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіріп, жеке деректерін иемденіп, олардың атынан онлайн-несие рәсімдейтіндер де көбеюде.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Сондықтан, компьютер, смартфон, планшеті бар адамдардың кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескере жүру керек. Осындай жағдайға тап болып, алданып қалғандардың арыздарын тексерген кезде тергеу органдарына қылмыскерлерді анықтау қиынға соғып жатады. Өйткені, алаяқтар тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде жүруі мүмкін. Шетелде отырып-ақ теріс пиғылдарын іске асырып жатқандардың аз емес екенін қаперлеріңізге саламыз.

Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы табысты болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе сұранысқа ие Instagram, Facebook, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мұндай қылмыстар жиі жасалып жатады. Instagram, Facebook желілерінен адамдардың ойын, мақсатын біліп, ажырата алу өте қиын.

Киімдер, автобөлшектер, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды сатып, талайдың ақшасын қалтасына басқан қылмыскерлер тұтынушылардың сеніміне қалай кіру керектігін ғана емес, онлайн-сауданың қыр-сырын да мықты меңгеріп алған. Ендібір алаяқтар азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдалана отырып, олардың атынан онлайн-несие рәсімдейді. Жәбірленушілер арасында қарызға батып, ешқандай дәлелдеме ұсына алмаған соң несиені өздері төлеп жатқандар да аз емес. Тергеу барысында несие рәсімделген құжаттарды иелерінің бір кездері жоғалтып алғаны немесе телефон арқылы «Мен адвокатпын, сізге несие мәселелеріңіз болса шешіп беруге көмек етемін» деген бір ауыз сөзге сеніп, ол адамды көрмесе де, не келісім-шарт жасамаса да,  жеке куәлігін WhatsApp желісі арқылы жібергені анықталып жатады.

Өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтың шотында сақтаулы тұрған  еңбек ақысын немесе депозиттегі қаражатын алдап алу мақсатында телефон арқылы әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде құрбандарына шоттың, кодтың сандарын айтқызып, ақшаны өзіне аударып алатын алаяқтарда жиі кездесетін болды.

Тағы бір ескерте кетерлігі, кейбір бағдарламалардың қаншалықты қауіпсіз екендігін білген жөн. Мысалы AnyDesk бағдарламасы арқылы кез келген адамның банктік шоттарына оп-оңай кіруге болады. Мұндай жағдайда олар әр түрлі операциялар жасау арқылы азаматтардың шоттарындағы қаражаттарын ешқандай кедергісіз шешіп алады.

Марат АХМЕДОВ,

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және

қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры.

Previous Post

Келес өзенінде селден қорғау шаралары жүргізіліп жатыр

Next Post

Төлебиде мемлекеттік грант аясында балаларға арналған гидромассаж бөлмесі ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz