gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырып жатыр

24 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың 15 жылдығына орай, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаның басты мақсаты – 2023 жылы күзде бірінші сынып табалдырығын аттайтын әлеуметтік осал топтарға жататын балаларға көмек көрсету.

«Самұрық-Қазына» тобының өндірістік компаниялары жұмыс істейтін 10 өңірдің балаларына мектепке қажет оқу құралдарының жиынтығы сыйға беріледі. Оның ішінде мектеп рюкзагы, оқу құралдары мен аяқ киімге арналған сөмке болады.

Қордың компаниялар тобының корпоративтік волонтерлері мен «EVO Қазақстан» ұйымының волонтерлері бірлесіп, Алматыда мектеп жиынтықтарын жинауға кірісті. Сыйлықтар дайын болған соң өңірлерге жөнелтіліп, балаларға таратылады.

Мектеп жиынтықтары Абай, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарындағы 15мыңға жуық бірінші сынып оқушысына беріледі деп жоспарланған. Олардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады.

Көмекке мұқтаж балалардың тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтері негізінде жасақталады. Тізім жасаудағы басты шарттар – баланың бірінші сыныпқа баруы және әлеуметтік осал топтар санатына жатуы болып белгіленген.

Жоба, сондай-ақ, Қазақстандағы адам капиталын дамытуға өз үлесін қосады. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдарын беру олардың әрбірінің сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Мектеп жиынтықтарының бәрі өңірлердегі балаларға тамыздың соңына дейін жеткізіліп, балалар 1 қыркүйек – мектептегі алғашқы күнін жаңа оқу құралдарымен қарсы алады.

 

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ атынан «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация» жеке мекемесі жүзеге асырады, ал жобаның бас демеушісі – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Previous Post

Антикор волонтерлармен колледждерде оқуға құжат қабылдау процесінде шынайылықты қамтамасыз ету ұсынылды

Next Post

Түркістан облысында мәдениет саласында жаңа 100 штат ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz