gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында 8000-нан астам ауыл тұрғыны газға қол жеткізді

24 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында 8000-нан астам ауыл тұрғыны газға қол жеткізді
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысының Қазақстан аймақтарын газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Сауран ауданындағы Ибата ауылы көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың қуаныштары еселенді. Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты.
– Бүгінгі таңда Ибата ауылының 8 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сауран өңірінің Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді мекендерін газға қосу жоспарлануда. Нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілді. Енді қыс басталғанға дейін газды үйге кіргізуді қолға алу қажет. Газ негізінен экологиялық таза отын, алдағы уақытта елді мекен халқының әл-ауқатын дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, — деді Зулфухар Жолдасов.
Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін 2020-2021 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – «Күмбез Констракшн» ЖШС-і. Жоба бойынша 44 көшеге газ құбыры тартылған. Ауданында 36 елді мекен болса, оның 8 елді мекені газбен қамтылған.
Previous Post

Шардарада жаңа цех өз жұмысын бастады

Next Post

Кентау қаласының әкімі тұрғын алқап секторларында атқарылған жұмыстармен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz