gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Онлайн несие рәсімдеген…

27 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар көбеюде
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда қоғамда алаяқтықтың түрі күн санап көбеюде. Соның ішінде ақпараттық технологияны жақсы меңгергендердің айласына тосқауыл қою мүмкін болмай жатыр. Еліміздегі құқық қорғау органдары интернет арқылы жасалынатын құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмауға барынша күш салуда. Айталық, былтыр интернет-алаяқтар қазақстандықтардың 15 млрд. теңгеден астам ақшасын өз қалталарына басқан екен. Тұрғындарға түрмеден қоңырау шалып, құрығына түсіретіндер де аз болмай тұр…

ҚР Ішкі істер министрлігі цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «CyberPol» пилоттық жобасын қолға алған болатын. Айта кетейік, Түркістан облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл және 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы іске кіріскен еді.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған топ алаяқтық қылмыс жасаған 31 тұрғынды қолға түсіріп, олардың 56-сының интернет-алаяқтық қылмысына қатысы бар екенін дәлелдеген.

Айта кетейік, жақында аталған топтың жедел уәкілдері Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн. теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды. Оқиғаны толығырақ баяндай кетейік, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған екен. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн. теңге.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде оны тәулік ішінде қолға түсіріп, полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астында жұмыс жасайтын қызметкерінен «сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін» деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесіне сүйенсек, «Киберқылмысқа қарсы күрес» тобының қызметкерлері орын алған интернет-алаяқтық қылмыстарын саралап, жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Реті келгенде алаяқтар сіздің атыңызға жалған кредит ресімдеген жағдайда не істеу керек екенін де айта кетейік.

Егер сіздің дербес және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түскен жағдайда, олар сіздің онлайн- немесе  мобильдік банкингіңізді бұзып, алаяқтық тәсілмен кредит ресімдеулері мүмкін. Атыңызға заңсыз кредит ресімделу фактісін кредиттік тарихтың көмегімен анықтауға болады, оны тоқсанына кемінде 1 рет тексеріп тұру қажет. Дербес кредиттік есепті Мемлекеттік кредит бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚО-дан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады.

Егер, сіз «басқа адамның кредитінің» құрбаны болсаңыз, онда бірінші кезекте, қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын біліп алыңыз. Содан кейін оған өтінішпен жүгініңіз. Өтінішті сондай-ақ, құқық қорғау органына да беру қажет. Сіздің өтініштеріңіз тіркелуге тиіс, өтінішті қабылдау күні көрсетілген тіркеу нөмірі сіздің өзіңізге қалдыратын өтініштің көшірмесіне де қойылуға қажет.

Кредитордан міндетті түрде ішкі қызметтік реттеу жүргізуді талап етіңіз. Сонымен қатар, кредиттік ұйым сізге шарттың көшірмелерін, оған қосымшаларды және жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы керек. Сізге кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылау қажет.

Кредиттік ұйым құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым бере аласыз.Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтардың алғанына дәлелдер таба алмаса, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы шағым-талап түсіріңіз. Сот шешімді сіздің пайдаңызға шығарған жағдайда, кредиттік ұйым:

— сізден борышты төлеуді талап етуді тоқтатуға;

— берешекті есептен шығаруға;

— кредиттік бюроға сіздің кредиттік тарихыңыздан басқа адамның қарызы бойынша ақпаратты алып тастау жөнінде хат жолдауға тиіс.

Енді өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың алдауынан қалай қорғауға болатынын айтайық. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтар сақтауға тиіс негізгі қауіпсіздік ережелеріне тоқталайық.

Біріншіден, егер сізге банк қызметкерлерінен қоңырау түссе, әңгімені бірден тоқтатыңыз. Есіңізде болсын, нағыз банк қызметкері, банктердің байланыс орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды ақпарат тек алаяқтарға қажет. Егер күмәнданған болсаңыз, сізге қызмет көрсететін банктің Call-орталығына өзіңіз хабарласып біліңіз.

Екіншіден, егер сізге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын адам хабарласса, қандай жағдайда да үрейге бой алдырмаңыз. Ықтимал күдіктінің полицияның нақты қай бөлімшесінде екенін, оған қатысты қандай баптың қолданылып жатқаны, іс-әрекеттің қашан жасалғаны, адвокат көмегінің көрсетілген-көрсетілмегені және онымен қалай байланысуға болатыны туралы сұраңыз. Сондай-ақ сізге оның атынан хабарласқан ұйымның: ҚР Ішкі істер министрлігіне немесе аудандық полиция бөлімшесінің шұғыл желісіне өзіңіз қоңырау соғыңыз.

Үшіншіден, егер желіде қор нарығында табысқа кенелу ықтималдылығы 99 пайыз, бұрын-соңды болмаған ақша табуға мүмкіндік беретін таңғажайып платформаға қол жеткізу үшін сауалнамадан өтуді ұсынса, сенбеңіз. Өзіңіздің дербес деректеріңізді еш жерде, интернет кеңістігінде, әсіресе, фишингтік сайттарда қалдырмаңыз. Егер сіз мұны жай қызығушылықпен жасап, жалған нөмірлерді тіркесеңіз де мұның салдары болуы мүмкін.

Төртіншіден, ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банк картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодты (банк картасының артқы жағындағы үш санды, картаның түпнұсқалығын тексеру кодын), құпия сөзді және ақша қалдығын, жасалған операцияны растау үшін SMS-кодты: төлемді, аударымды және т.б. айтпаңыз.

Интернет-банкингтегі немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетіңіздің паролін ешкімге хабарламаңыз. Қарт туыстарыңызға алаяқтардың айла-амалдары туралы айтып, оларды сақтандырып отырыңыз.

Previous Post

Шардарадағы зауыт жүгері қабылдауға дайын

Next Post

Шардара су қоймасындағы су деңгейі төмендеп барады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz