«Айбарлы – Ата заң» тақырыбымен бастау алған салтанатты шара қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өтті. 1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған күн 28-ші рет атап өтілуде.
Мерекелік жиында қала әкімі Жандос Тасов көпшілікті мерекемен құттықтады. Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанғанын, Ата Заңымыз бүгінде ел дамуы мен бірлігінің, азаматтар құқықтарының мүлтіксіз сақталуының кепілі болғанын атап өтті.
Іс-шара барысында Ата Заңның нормаларының сақталуына белсенді атсалысып жүрген бір топ заңгерлерді, полиция, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.



