gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентауда егіз қыз алғашқы қоңырауды соқты

1 сентября, 2023
in Білім, Жаңалықтар
0
Кентауда егіз қыз алғашқы қоңырауды соқты
Share on FacebookShare on Twitter
Білім күні Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы 23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінде өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысты. Жиын барысында қала басшысы ұстаздар мен оқушыларға ақжарма тілегін білдірді.
«Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең — бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бұл орайда мемлекетіміз көштен қалған емес. Мемлекетіміздің тікелей қамқорлығының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы орайда ұстаздардың да рөлі ерекше екендігін айта кеткен жөн» деген қала әкімі ұстаздарға алғысын білдіріп, оқушыларға білімді болып қалыптасуға үндеді.
Мерекелік жиында мектеп табалдырығын аттаған егіздер Ясмина мен Ясина алғашқы қоңырауды соқты. Бірінші сыныпқа барған апалы-сіңілі егіздер мектепке келуге асыққандарын, сыныпта ең үздік оқушы болатындарын айтады.
Салтанатты шарада мектепке алғаш келген бірінші сыныпқа, жоғары сыныптың үздіктері «Әліппе» мен «Букварь» кітаптарын табыс етті. Одан бөлек, білім күніне арналған әсем әуендер шырқалып, жыр-шумақтар оқылды.
Қала әкімі шарадан соң мектеп сыныптарын аралап, оқушылармен тілдесті. Жаңа оқу жылын да оқушылардан көптеген жетістіктер күтетініне сенім білдірді.
Биылғы оқу жылында Кентау қаласы бойынша 28 мектеп есігін айқара ашты. Қалада 1905 мұғалім еңбек етіп, 20 058 оқушы білім алғалы отыр. Соның ішінде 2189 оқушы 1-сыныпқа қабылданған.
Previous Post

“Ерекше” колледж тарихында алғаш рет жеделсаты іске қосылды

Next Post

Кентауда 200 орындық зияткерлік бастауыш мектебі ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz