gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулықтарды табиғи газбен қамтамасыз ету жайы талқыланды

31 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулықтарды табиғи газбен қамтамасыз ету жайы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті апталық жиын өтті. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сала басшылары мен мекеме директорлары қатысты.
Атап айтқанда, Кентау қаласына және оған қарасты ауылдарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы, Қала тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету барысы жайлы, 9 айлық индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары, қадамдық іс шара туралы, Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы және 2023-2024 жыл аралығындағы күз, қыс мезгілдерін қауіпсіз өткізу жайында баяндамалар жасалды.
Баяндамашылар өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, шешімді қажет ететін бірқатар мәселелерді талқылады.
Қала басшысы баяндамашыларды тыңдап, бірқатар мәселелерді көтерді. Әр бөлім өзіне бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыс атқару керектігін тапсырды. Төтенше жағдайлар бөлімінде қажетті құралдар толықтай қамтылу керектігін атап, ұсыным беруді тапсырды. Аталған бөлім кез-келген төтенше жағдайдың алдын алуына толықтай әзір болуы қажеттігін атап өтті.
Қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Ә.Елеусізов облыс және қала әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат берді. Қала басшысы облыс және қала әкімдігі тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындау қажеттігін ескертіп, бірқатар ескертулер жасады. Әр орынбасарына өздеріне қарасты салаларындағы мәселерді жүйелеп, шешімін баяндауды тапсырды.
Previous Post

Түркістан облысынан Астанаға 550 тоннадан астам азық-түлік жөнелтілді

Next Post

Президент реформасы: Білімнің салтанаты және ұлттың жаңа болмысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz