Кентауға «Қайсар жандар» атты мотивациялық абилитация жобасының авторлары, қоғамдағы психологиялық күйзеліске түсіп қалған мүгедектігі бар азаматтарды өнермен, спортпен шұғылдануға, қоғамдық белсенді өмір сүруге тарту мақсатында абилитация шарасын өткізуді ұсынды.
Кездесуге қала әкімі Ж.Тасов, «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының мүшелері, жоба авторлары Е. Шалтан, Б. Сайфунов, Қ. Қошқаров, тиісті салаға жауапты қала әкімінің орынбасары мен сала басшылары қатысты.
Абилитация — мүгедек немесе моральдық тұрғыдан әлсіреген адамдарды қоғамдық өмірге бейімдеу арқылы оқу және жұмыс жасауға мүмкіндіктерін ашуға бағытталған емдік, педагогикалық, психологиялық немесе әлеуметтік шаралар. Кең мағынада абилитация дегеніміз — моральдық күйзелістегі адамдарды қандай да бір қоғамдық қызметке, қайраткерлікке дайындау.
Қала әкімі айтылған ұсыныстарды тыңдап, мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрдайым қолдау көрсететінін, ұсынған жобаның іске асыруға өз көмегін беретінін айтты.



