ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Кентау қаласына жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутаты ең алдымен №5 ЖЭО-ң 92 пайыз тозығы жеткен қазандықтарына қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қала әкімі Жандос Тасов 92 пайызға тозығы жеткен сервис орталығында бүгінгі таңда, 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 4 қазандыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.
80 жылдық тарихы бар жылу мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. жоғары жалғыз орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарын жасау жоспарланған болатын. Сметалық құны 13,7 млрд. млн.теңгені құрайды. Қазандықтардың қайта құру жұмыстары 30 — қазан аяқталу жоспарланған.
— Станцияның тозу дәрежесі жоғары болғандықтан, авариялық келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Жылу орталығының қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін қала тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету арта түспек. Сондықтан жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қадағалау тиіс. Нысан толығымен бақылауда болады , — деді Е.Бейсенбаев
Айта кетейік, нысан 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықтардың демонтаж жұмыстары орындалуда. Дайындық жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Одан бөлек, жылыту маусымына 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық станцияны қайта жаңғырту үшін ағымдағы жылға 3,8 млрд. теңге бөлінген.
Одан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Кентау қаласындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
Фракцияның жетекшісімен бірге облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алдымен тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Кенді қалада 56 көп қабатты тұрғын үй аулалары бар. Солардың қатарында абаттандыру мақсатында, 33 ауланың жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.
Шағым айтқан халыққа Мәжіліс депутаты;
— Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары талапқа сай емес екенін білемін. Алайда бүгінгі келген мақсатымыз осы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысу. Көгалдандыру жұмыстарын жасау. Аталған 33 үйдің ауласын абаттандыру бойынша құжаттар жасалды. Республикалық бюджеттен қаржы қаралуына атсалысып, жұмыс жасалатын болады,-деді Е.Бейсенбаев.
Кентау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 33 ауласын абаттандыру мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру 2022 жылы жоспарланған. Сметалық жоба құны -5 082,225 мың тенге.
Сонымен қатар, Фракция жетекшісі Кентау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болып, қызметкерлермен кездесті. Онда айтылған барлық өтініш — тілектерді назарға алып, партия тарапынан бақылауда болатынын айтты.



