gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда 500 бала мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтылды

22 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда 500 бала мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Тамыз айы басталғаннан ата-аналар жаңа оқу жылына дайындыққа қызу кірісіп кетеді. Оқушының мектеп формасы, оқу құралдары, спорт киімі, сөмке, аяқ киім, қысқасы бұл науқанда қалтаны біраз қағуға тура келеді. Әрине, баласы үшін еш ата-ана аянып қалмасы анық. Барын салып, баласын ешкімнен кем қылмауға әрекет етеді.

Қу тіршілік қос бүйірден қысқанда шарасыз күйге түсіп, баласын мектепке дайындай алмай қиналатын жағдайлар да жиі кездеседі. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында елімізде «Мектепке жол» акциясы жұмыс істейді. Бұл акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Биыл да ұйымдастырылып отырған бұл жоба көптеген отбасының мектепке дайындық жұмыстарын жеңілдетуге сеп болып отыр.

Еліміздің барлық өңірлерінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алып отыр. Аталған жоба аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер мен меценаттардың көмегімен 200 мыңнан астам оқушыға 3 млрд тенгеден көп қаражатқа көмек көрсету көзделген.

Осындай акция жуырда Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өтті. Аталған шараға Кентау қаласы әкім орынбасары А.Байболова, қалалық маслихат төрағасы Қ.Елеусізов, Кентау трансформатор зауытының басшысы Б.Құдайбергенов, Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Ауелбеков оқушылар үшін жаңа оқу жылына сәттілік тілеп мектеп формасы мен оқу құралдарын ұсынды.

— Жыл сайын тамыз айының алғашқы күнінен басталатын акцияға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмек-қолдаулардың үлесі зор. «Бала – болашағымыз» деп ұрандатып, жиі айтамыз. Сол болашақтың алаңсыз ер жетіп, еліне еңбек етуі үшін жағдай жасап, үлгі болуымыз қажет-ақ. Моно қала саналатын Кентау қаласында ірі кәсіп иелері жетерлік. Одан бөлек шағын кәсіпкерлердің де саны күн санап артып келеді. Олардың ешбірі қайырымдылық шарасынан шет қалмайтыны белгілі. Ал осы бір маңызы зор «Мектепке жол» науқанының аясында берекелі, бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, барлығымыз бірдей мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ, нұр үстіне нұр болары хақ, — деді А.Байболова.

Жалпы акция бойынша 500 бала мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтылды. Мектепке жол акциясы 1-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияға қаржылай және заттай қолдау білдірген демеушілер, Кентау қаласы әкімдігі, қалалық маслихаты, Кентау трансформатор зауыты, Кентау қаласының кәсіпкерлері мен жанашыр азаматтарынан құралған «Мейірім сыйлығы» қайырымдылық қоры. қалалық Жастар ресурстық орталығы, ТОО SKS инженеринг басшысы Ерлан Тленшиев, Кентау қаласы Халық банк АҚ филиалының басшысы Акмаль Абжаппаров, АМАНАТ партиясы Кентау халалық филиалы, Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі қолдау көрсетті. Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов акцияға атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға алғысын білдірді. Қолдау білдірген барша демеушілерге алғысымыз шексіз.

Қайырымдылық шарасында 200-ге жуық балаға мектепке қажетті сөмке мен құрал-жабдықтар және киім кешектер берілді. Бұдан бөлек қаланың белсенді азаматтары мен кәсіпкерлеріде іс-шара ұйымдастырып бірқатар балаларға мектепке қажет заттарымен қамтуда. Бүгінгі таңға дейін 500-ге жуық балаға қажетті құрал-жабыдқтармен қамтылды. Мұндай игі шара алдағы 30-шы тамызға дейін жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамту жоспарланған.

Previous Post

Биыл Жетісайда 100-ден аса көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Келесте аз қамтылған отбасыларға арналған қолдау орталығы ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz