Кентау қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл әкімдігінің мамандары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Кентау қаласы бойынша ата-аналар қарауынсыз қалған балаларды және ішкілікке салынып кеткен ата-аналармен, психолог мамандардың атқарылған профилактикалық жұмыстары туралы қалалық полиция бөлімінің, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің психология саласы бойынша әдіскері, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры баяндама оқып, атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Осы мәселе бойынша комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Қоғамдағы әйелдердің рөлі және жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, кәсіпкер әйелдерді қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы қалалық қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі баяндап өтті. Бұл салада бөлім тарапынан түсіндірме жұмыстарының аздығын айтып, алдағы уақытта халықты кәсіпкерлікке баулу мақсатында халыққа үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүйелі жүргізу керектігі айтылды.
Кентау қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы А.Байболова комиссия мүшелерінің ұсыныстарын назарға алып, бірнеше атқару керек шараларды айтып өтті.



