Кентауда коммуналдық салаға қатысты мәселерді реттеу бойынша жұмыстар 4 секторға бөлініп атқарылатын болды. Атап айтқанда орталық, солтүстік, шығыс, батыс тұрғын алқабы.
Қала әкімінің орынбасары Қ.Искаков бастаған сала басшылары солтүстік тұрғын алқабына қарасты сектордың тұрғындарымен кездесіп, мәселерін тыңдады.
Әр секторға жауапты меңгеруші бекітілді. Бұдан былай тұрғындар өз аумағына не көшесіне қатысты мәселелерді жауапты сектор меңгеруші арқылы жеткізе алады. Меңгерушінің міндеті түскен әрбір арыз-өтініштің уақытылы орындалуы мен жұмыстың жүйелі жүруін қадағалап, тікелей басшыға баяндап отыру.
Қаладағы 52 мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесуде медициналық бекет салу, спорттық саласында қажетті құралдарды көбейту, жол, көше жарығы, тазалық, газға қосылу секілді бірқатар коммуналдық сауалдар көтерілді. Әр сала басшысы өзіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Дәл осындай кездесулер әр секторда жиі ұйымдастырылады. Мәселені тыңдап қана емес, айтылған шағымдардың шешілгенін, қандай жұмыс жүргізілген бойынша да сала басшылары баяндайтын болады.
Айта кетейік, Солтүстік тұрғын алқабына қарасты 2530 жер үй, 7018 тұрғын, 66 көше, 1 мектеп, 36 кәсіпкерлік нысандар, 1 бала-бақша, 2 мешіт, 2 емдік-сауықтыру орталықтары бар.



