gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанмен көрші болудың ықпалы зор

7 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанмен көрші болудың ықпалы зор
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығы Түркістанның Кентауға шекаралас болуы үлкен мүмкіндіктер бере бастады. Осы күнге дейін қала кен өндірумен танылып келген болса, енді өндірісі дамыған моноқалаға айналып келеді. Бүгінде аумағы ұлғайып, халық саны артқан шаһардың ажары ашылып, тындырымды тірліктер атқарылуда. Соның нәтижесінде қала бюджетіне түсетін салық та едәуір артқан.

Айталық, Кентауда ағымдағы жылдың 8 айында қалалық бюджеттің кіріс бөлігі жоспардағы 11 359 207,0 мың теңгенің орнына  11 606 897,6 мың теңгеге немесе 102,2 пайыз орындалды.Жеке табыстар (кірістердің) жоспардағы  1 743 806,0  мың теңгенің орнына 1 991 496,6 мың теңге түсті немесе 247 690,6  мың теңгеге жоспардан артық орындалды.

Дегенмен, жоспарланған реттеуші салық түсімдерінің 2 түрі бойынша жоспар орындалмады. Атап көрсетер болсақ, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарланған         691 182,0 мың теңгенің орнына 641 891,6 мың теңге түсіп    49 290,4 мың теңге орындалмады немесе  92,9% құрады. Себебі, қалалық білім беру бөліміне бағынысты мекемелердің қайта тіркелуіне байланысты тамыз айында төлем жүргізілмеді. Сонымен қатар, «Кентау орталық қалалық аурухана» МКК-сынан қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсім болмады. Бұл біріншісі.

Екіншіден, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарланған 21 430,0 мың теңгенің орнына 14 014,9 мың теңге түсіп 7 415,1  мың теңге орындалмады немесе  65,4% құрады.  Яғни, жоспар 2022 жылдың 8 айымен салыстырғанда 2023 жылы 771 салық төлеушіге кеміген.

Ауылдар бойынша жеке табыстардың жоспары 14 878,0 мың теңгеніңорындалуы, 44 472,1 мың теңге болып, 29 594,1 мың теңгеге немесе 3 есе артық орындалды. Оның ішіндеАщысай ауылы бойынша жоспар 2 498,0 мың теңгенің орнына 2 134,2 мың теңге түсті немесе 363,8 мың теңгеге жоспардан кем орындалды (85,4% құрады). Байылдыр ауылы бойынша жоспар 826,0 мың теңгенің орнына 2 913,6 мың теңге түсті немесе 2 087,6 мың теңгеге жоспардан артық орындалды (3,5 есе). Қарнақ ауылы бойынша жоспар 8 323,0 мың теңгенің орнына 27 157,5 мың теңге түсті немесе 18 834,5 мың теңгеге жоспардан артық орындалды (3,3 есе). Хантағы ауылы бойынша жоспар 3 231,0 мың теңгенің орнына 12 266,7 мың теңге түсті немесе 9 035,7 мың теңгеге жоспардан артық орындалды (3,8 есе).

Ал, бірқатар ауылдар бойынша салық түрлерінен айлық жоспар орындалмаған. Мәселен, Ащысай ауылы бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (-12,6 мың теңге), жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (-186,9 мың теңге), аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға беруден келетін кірістер (-200,0 мың теңге) түспеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 2 097 399,0 мың теңгенің орындалуы 2 096 840,7 мың теңге  (100,0%) болды. Жалпы  игерілмеген қаржы – 558,3 мың теңге, оның ішінде 1,7 мың теңге жалақы қорынан және 65,6 мың теңге аппарат шығындарынан, «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» бойынша 491,0  мың теңге (субъективті)  «Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша оқу-құрал және кеңсе тауарларын алушылардың тізімі анықталмауына байланысты есепті кезеңге игерілмеген қаржы.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 633 650,0 мың теңгенің орындалуы 623 582,9 мың теңге  (98,4%), жалпы  игерілмеген қаржы 10 067,1 мың теңге, оның ішінде 10 000,0 мың теңге (субъективті) 1661,81 га аумағына мердігер тарапынан жүргізіліп жатқан топографиялық түсірілім жұмыстарынан кемшіліктер анықталуына байланысты игерілмеген қаржы,67,1 мың теңге аппарат шығындарынан есепті кезеңге үнемделген қаржы.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 7 260 735,0 мың теңгенің орындалуы 7 111 238,2 мың теңге  (97,9%), жалпы  игерілмеген қаржы – 149 496,8 мың теңге, оның ішінде: 149 490,0 мың теңге (субъективті) ЖЭО-5 ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарының аяқталмауына байланысты  игерілмеген қаржы, 6,8 мың теңге жалақы қорынан есепті кезеңге үнемделген қаржы.

Қорыта айтқанда, Кентау қаласы бұрынғысынша тұрғындарға жайлы, тыныш қалаға айналары сөзсіз. Қазір шаһарда құрылыс жанданған. Инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстарына ла көңіл толады. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың айтуынша, қаланың жалпы өнім көлемі 70,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,0%-ды құраған. Өткен жылы өнеркәсіп саласында 41,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 8,5 млрд. теңгеге артқан. Мұның бәрі облыс орталығы Түркістанмен көрші болудың ықпалы десек қателеспеспіз.

Previous Post

Кентауда көпбалалы аналарға «күміс алқа» табысталды

Next Post

Хабарландыру

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz