gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жылу маусымына дайындық жұмыстары үш кезеңге бөлінген

6 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жылу маусымына дайындық жұмыстары үш кезеңге бөлінген
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Кентауда жылыту маусымына дайындық ерекше әрі сапалы жүргізілмек. Сала мамандарының мәлімдеуінше, № 5 ЖЭО-ның қазіргі таңда тозуы 85,4 % құрайды және Республика аумағында тозығы жеткен ЖЭО-ның қызыл аймағына енгізілді. Кентау қаласындағы № 5 жылу энерго орталығын қайта құру жұмыстарын  3 кезеңге бөліп,  жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда бірінші кезеңде қаладағы  тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстарын атқару көзделген. Жалпы 2023 жылы 4,7 шақырым жылу жүйесі  ауыстырылады деп жоспарланған.

Екінші кезеңде №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы 2 қазандықты жылыту маусымына дейін қайта құру, 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу де жоспарда қаралған. Сонымен қатар, қалған 14,5 шақырым магистралды жылу жүйелері де қайта құрылатын болады.

Үшінші кезеңде жабық және ашық қосалқы станцияларын қайта құрылады деп күтілуде. 81 шақырымды құрайтын ішкі орамды жылу жүйелері кеңейтілмек және қайта құрылмақ. Сонымен қатар, келешекте жылу энерго орталығын газға ауыстыру жоспарланған.

Қазіргі таңда қаладағы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Су айдайтын 2 қазандықты дайындау жыл соңына дейін аяқталады және 4 қазандық ағымдағы жылы жөндеуден өткізіліп, қуаттылығы күшейтіледі. Ондағы 8 қазандықтың 4-еуі жөндеуден өтсе, қалған 4-еуіне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде орталықтағы жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылу орталығына арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен қала әкіміне жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды. Құрылыстың сапасына басты назар аударылатынын ескертті.

Айта кетейік, өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген жылу орталығы соңғы 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сала мамандарының айтуынша, қазандықтардың алды 1951 жылы іске қосылса, қалғаны 1958-1959 жылдары қолданысқа берілген. Қазір мұндағы 8 қазандықтың барлығы әбден тозып, істен шыққан. Сондықтан, сала мамандары осы олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы жұмыстарды үлкен үш кезеңге бөліп атқаруды қолға алды. Бұйыртса, келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. «Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бұл газ құбыры бірнеше күрделі проблеманы шешеді. Атап айтқанда, ЖЭО мен Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету, 10 үйге қосымша газ қысымы, индустриалды аймақ, Кентау кен байыту комбинаты мен Кентау экскаватор зауыттарына арнайы қосылу нүктелері қарастырылған», — дейді сала мамандары.

Жалпы Кентаудағы ЖЭО 14 000-нан астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2229 жеке сектордағы үй бар.

Previous Post

Келесте 401 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт төселеді

Next Post

Елімізде атом электр станциясын салуды жалпыхалықтық референдум анықтайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz