gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жалпыға бірдей сейсможаттығулар өткізілді

11 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда жалпыға бірдей сейсможаттығулар өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін «Жер сілкінісі» бойынша сейсмикалық жаттығулар өткізу үшін облыс аумағындағы 350 (319 «Марс-Арсенал», 31 «С-40») құлақтандыру жүйелері арқылы дабыл берілді. «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы іске қосылып, облыс бойынша жалпыға бірдей сейсможаттығулар өткізілді. Мұндай оқу-жаттығу сауатты іс-әрекет жасау үшін тәжірибе жинауға септігін тигізбек. Сейсможаттығулар облыс әкімі аппаратының, басқармалар үйі және департаменттер үйі ғимаратында, Халықаралық қазақ-түрік университеті ғимаратында және де барлық мемлекеттік мекемелерде, білім ұяларында, көп қабатты тұрғын үйлерде ұйымдастырылды.
Сейсмикалық жаттығулар барысында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысушыларға жойқын жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қауіпсіз орындарды анықтау, эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шаралар көрсетілді. Жиналған қауымға мамандар дабыл іске қосылған кезде дүрбелеңге берілмей тыныштықты сақтауға шақырды. Сейсможаттығуды өткізуге көпшілік белсене қатысты.
Мұндай кезде әрбір адам жасырын жер тауып, басты қолмен жабу керек. Бірінші қабаттан 20-40 секунді ішінде ғимараттан тез шығып, алдын ала дайындалған құжаттарды, ақшаны және қажетті заттарды өзімен бірге алу қажет. Сондай-ақ балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіп, ғимараттан шыққан кезде суды, газды жауып, үй-жайда электр қуатын сөндіруде мұқият қадағалауы тиіс. Үшінші және одан кейінгі жоғарғы қабаттарда қауіпсіз орындарға жиналып, есіктің ойықтарында, күрделі қабырғалардан пайда болған бұрышта, ішкі қабырғалардың бұрыштарына, үстелдің астына жасырыну адамды құлап жатқан заттар мен сынған бөлшектерден қорғайды. Мамандар терезе қасында тұрудан және шыныдан жасалған жиһаздардан аулақ болуға, жер сілкінісі тоқтаған соң ғимараттан тезірек шығуға шақырады.
Жер сілкінісі кезінде балконнан немесе терезелерден секіруге, лифтті қолдануға, терезелердің қасында тұру және шынымен жасалған жиһаздардың ішіне кіруге, ғимараттың ішінде бірнеше адам болып бір орынға жиналуға, сыртқа шыққанда ғимаратқа және талдарға жақын жүруге болмайды.
Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1 893 нысанда, оның ішінде 650 мектепке дейінгі білім беру ошағында, 992 орта білім беру мекемесінде, 31 кәсіптік және 10 жоғарғы оқу орнында, 49 әкімшілік нысанында, 76 денсаулық сақтау нысанында, 3 химиялық қауіпті нысанда, 55 әлеуметтік сипаттағы нысанында, 27 жеке тұрғын үй секторында сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Previous Post

Түркістан облысында жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолдары пысықталды

Next Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясында өңірді дамыту жолдары қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz