Түркістанның облыс орталығына айналғалы Кентау қаласының екінші тынысы ашылғандай. Бүгінде білім мен ғылымның, мәдениеттің ғана емес, бұрындай өндірісі өркендеген мекеніне айналып келеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі ілкімді істер өте көп. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек.
Айталық, ағымдағы жылдың 7 айында өңірде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7 айға24000,0 млн.теңге деп жоспарланған болатын. Бүгінде оның нақты орындалуы 11485,6 млн.теңгені құрады. Ал, өткен жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 8994,3 млн. тенге болатын.
2023 жылдың 8 айына көрсетілген жоспар – 32000,0 млн.теңге болса, бүгінде соның 2200,0 млн.теңгесі өткізіліп, 13685,0 млн.теңгенің орындалуы күтілуде. Ал, осы жылдың 9 айына жоспар39000,0 млн.теңге деп межеленген. Қазір соның 7100,0 млн.теңгесі өткізіліп, 20785,0 млн.теңгенің орындалуы күтілуде.
Сол секілді өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі жоспар ағымдағы жылдың 7 айында 23000,0 млн.теңге деп көрсетілсе, бүгінгі күні 24551,4 млн.теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 93,8 пайызды құрады. Сала мамандары 2023 жылдың 8 айына белгіленген жоспар28000,0млн.теңге, 9 айына белгіленген жоспар33000,0млн.теңге екенін айтады.
Өңдеу өнеркәсібінде 7 айдағы жоспар 20800,0 млн.теңге болса, бүгінгі күні 21096,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 90,5 пайызды құрайды. Сала мамандары биылғы жылдың 8 айына белгіленген жоспар25100,0млн.теңге, 9 айына белгіленген жоспар29400,0млн.теңге екенін айтады.
Кентау қаласында ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөліне бастады. Қазір бұл саланы өндіріспен қатар дамытуға басымдық берілуде.Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Құрықбаевтың мәлімдеуінше, қалада ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемін 7 айда 3000,0 млн.теңгеге жеткізу көзделген болатын. қазір соның нақты орындалуы 3730,3 млн.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 86,7 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 8 айына бекітілген жоспар 5400,0млн.теңге болса, 9 айына бекітілген жоспар9000,0млн.теңге.
Ал, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемі жылдық жоспар – 1155,0 млн.теңге. Сала мамандары бұл индикаторлық көрсеткіштің айларға бөлінбегенін және ол жыл қорытындысымен орындалатынын алға тартады.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемінің жылдық жоспар 132,0 млн.теңге деп бекітілген. Ол да айларға бөлінбеген. Бүгінгі күні мұның нақты орындалуы 17,5 млн теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік өнім шығарылымы бойынша 7 айға белгіленген жоспар 12300,0 млн.теңге болатын. бүгінгі күні оның нақты орындалуы 5644,9 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,9 пайызға жетті.2023 жылдың 8 айына көрсетілген жоспар 15100,0 млн.теңгені, 9 айына белгіленген жоспар 18500,0 млн.теңгені құрайды.
2023 жылдың 7 айдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6700 бірлік, ал іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6658 бірлік болып отыр.