gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

21 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда Еңбек күні мерекесіне арналған «Адал азамат – Адал еңбек» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, еңбек адамдарын құттықтады.
– Еңбек адамына деген құрмет қай кезде де ерекше. Барлық жерде еңбек адамының орны бірінші болуы керек. Қазіргі таңда еңбек адамының қоғамдағы өнегесі, бәсі биік. Қазақта «Адам еңбегімен абыройлы, мінезімен қадірлі» деген сөз бар. Осы еңбек пен мінез ұштасқан кезде қоғам да, адам да, отбасы да дамиды деп ойлаймын. Биыл Түркістан облысына 5 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде қала көркейіп, заманауи ғимараттар мен рухани-мәдени орталықтар салынды. Осы орайда еңбек адамдарының орны айрықша. Мерекелеріңіз құтты болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Шара барысында облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы Айдос Исмайлов, Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали еңбек адамдарына деген ізгі тілегін білдірді.
Еңбек күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының Түркістан облысының өңірлік жеңімпаздары «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ биылғы жылы зейнеткерлік жасына толатын бір топ қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Бірқатар еңбеккерлер де марапаттан тыс қалмады.
Еңбек адамдарының құрметіне өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Жастар флешмобы көпшілікті сүйсінтті. Айта кетейік, Еңбек күні мерекесі жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту, ерте жастан еңбектің маңыздылығын ұғындыру мақсатында 2013 жылдан бастап атап өтіледі.

Previous Post

Жазасын өтеушілерге арналған электронды өтініштер қабылдау терминалдарының тиімділігі

Next Post

Жолдауда өте көп түйткілді мәселелер қозғалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz