Қоғамымызда алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатқан адамдар көптеп кездесуде. Әсіресе, қазіргі таңда интернет-алаяқтық кең таралуда. Сөзімізге нақты статистикалық дәлел келтіре кетейік. Соңғы 5 жыл ішінде интернет-алаяқтық бойынша тіркелген қылмыстардың саны 40 есеге өскен. Яғни, 2018 жылы бұл көрсеткіш 517 болса, 2022 жылы 20,5 мыңға дейін өскен.
ҚР Ішкі істер министрлігі алаяқтық қылмыстардың санын азайту және оларды болдырмау мақсатында Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталық құрып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде«CyberPol» қызметін іске қосты. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облыстық криминалдық полиция басқармасы жанынан құрылған «CyberPol» пилоттық жобасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға 6 жедел уәкіл мен 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы бекітілген. Қазіргі таңда аталған топ өңірден 31 тұрғынды қолға түсіріп, олардың 56-сының интернет-алаяқтық қылмысқа қатыстары бар екенін дәлелдеген.
«Cyberpol» арнайы тобының мүшелері алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында бірқатар шараларды атқаруда. Мәселен, жақында Түркістан облысының полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында республикалық «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Өңір полицейлері «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылғанын айтады. Сондай-ақ, шұғыл іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды,.
«Қоғамымызда интернет алаяқтарының көбеюінің бірден-бір себебі халықтың қаржылық сауатсыздығы мен құқықтық және компьютерлік сауатсыздығынан», — дейді құқық қорғаушылар. Расында да қаржылық сауатсыздығының салдарынан алаяқтарға жем болып отырғандар аз емес. Мәселен, өңір полицейлері тұрғындардан цемент алатын ақшасын жинап алып, 4 миллион теңгеге жуық ақшаны жаратып жіберген тұрғынды ұстады. Оқиға туралы толығырақ айта кетейік. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданды. Ер адам арызындатаныс ер адамның«арзан цемент алып беремін» деп алдап кеткенін мәлімдеген. Осы қызметі үшін 500.000 теңге ақша алған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, 28 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді.Белгілі болғандай, күдікті осындай жалған уәделер айтып, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 4 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сала мамандары жүргізген сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55,8%-ы қаржылық алаяқтыққа, оның ішінде 34,2%- ы телефон алаяқтығына (вишинг), 32,7%-ы интернет-алаяқтыққа (фишинг) тап болғаны анықталды. Сонымен қатар, олардың 21,6%-ы қаржы пирамидалары тарапынан, ал 11,5%-ы төлем карталарымен алаяқтық әрекеттердің қатысушылары болған екен.
Жалпы алаяқтардың адамдарды алдау үшін қолданатын айла-тәсілдерінің түрлері өте көп. Олар әлеуетті құрбандарға телефон соғып шығу үшін қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмірлерін қайталауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылымды (SIP-телефонияны) пайдаланады. Адамдар көбіне өздерінің аңғалдығының салдарынан және оңай жолмен ақша табу мақсатында алаяқтардың айла-шарғыларына көніп қалады. Бұл ретте, тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары бірінші кезекте алаяқтардың осындай аңғал адамдарға шығатындарын еске саламыз. Жоғарыда мысалға келтірген «арзан цемент алып беремін» деп таныс адамының сеніміне кіріп, алдап кеткен алаяқтың әрекеті де осыған саяды.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен күрестің ерекше түрлерін қолдануда. Айталық, облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, діндарлар үшін халықты интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау шалып, банк қызметкерлері ұсынған алаяқтардың саны артты.
Құрбандарының сенімін алудың әртүрлі тәсілдерін игере отырып, олар біреудің өз шоттарын бұзуға тырысқаны туралы хабарлайды және қауіпсіздік үшін қолда бар ақшаны басқа банктің шотына аударуға кеңес береді.
Алаяқтар кейбір жағдайларда әртүрлі шпиондық бағдарламаларды сенімді адамдардың телефондарына хакерліктен қорғау үшін орнатуға көндіреді, содан кейін олар құрбандардың шоттарын «нөлге айналдырады».
Алаяқтар көбінесе егде жастағы адамдарды алдаудың ескі схемаларына туыстарының апатқа ұшырағаны немесе олардың кінәсі туралы хабарлап, жәбірленушілерді жауапкершіліктен босату немесе емдеу үшін ақша талап етеді. Осындай қылмыстардың жолын кесу аясында мешіт пен медресенің имамдары қауымға алаяқтыққа байланысты сақтық шаралары туралы ескертсе, тәртіп сақшылары барлық азаматтарға күдікті қоңыраулар мен хабарламалар алған кезде дереу банкке хабарласуға кеңес беруде.
Алаяқтар сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз екенін әркез есіңізде ұстаңыз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет, яғни жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сонымен қатар, олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуге талпынады. Өйткені, сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие бола алады.



