Бүгін БАҚ өкілдері Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан «Сұлтанберді» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кешеннің инвестициялық құны — 420 млн теңге. 2 гектар аумақты алып жатқан жылыжайда 2020 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда 15 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 400 тонна өнім өндіреді.
Бұдан бөлек, жалпы ауданда 105,9 гектар алқапқа жылыжай кешені бар. Оның ішінде 21 гектары — өндірістік жылыжайлар, ал 84,9 гектар аумағы — фермерлік жылыжайлар.
Сонымен қатар, журналистер Шұбар ауылындағы «Тоғжан» мал бордақылау алаңына барды. Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несиемен 7,5 млн теңге қаржы алған. Бүгінде орталықта 16 бас мал бордақыланып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкер бал басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Жалпы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Биыл 17 сәуір айынан бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.