Түркістандық жұмысшы топ бүгін күнгей өңірден Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты. Түлкібастық Нұрлыбек Қисықов 2018 жылы отбасымен бірге көшіп келген. Бүгінде Нұрлыбек осы ауылдағы мектепте жарымен бірге мұғалім болып қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Привольное ауылында Жетісай қаласының бұрынғы тұрғыны Разия Ескендірқызы да тұрады. Разия 2021 жылы отбасымен бірге көшіп келген. Оның айтуынша, теріскейде істейтін кәсіп көп, табыс та жоғары.
Теріскейде 2020 жылғы қоныс аударушылар үшін 20 жер үй салынған. Сонымен қатар, аталған ауылда Шымкент, Алматы қаласы, өзге де облыстардан келген азаматтар тұрып жатыр. Қоныстанған азаматтар қазіргі жай-күйлеріне дән риза.