gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстары «AMANAT» партиясының бақылауында

13 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жол жөндеу жұмыстары «AMANAT» партиясының бақылауында
Share on FacebookShare on Twitter
«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының мәжіліс залында  Саяси кеңес Бюросының кезекті мәжілісі өтті.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылға жоспарланған жолдарды жөндеу жұмыстары туралы және қалалық білім бөлімінің 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Бірінші кезекте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлы баяндама жасап, мәлімет берді.
Кентау қаласында жалпы 173,5 шақырымды құрайтын 258 көше бар. 2022 жылдың қортындысымен  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі  77,3 пайызды құрап, 138,5 шақырым жол асфальтталған болатын. Ал 2023 жылы партияның сайлауалды бағдарламасының Кентау қаласы бойынша Жол картасының индикаторына сәйкес, көрсеткішті жыл соңына дейін 88,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, асфальтталған жолдардың ұзындығы 153 шақырымға жетеді.
Мәжілістің алдында филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан Төлеби, Молда Мұса және тағы басқа да көшелерде жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізген болатын. Мәжілісте мониторинг жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер және Бюро мүшелерінің ұсыныстары негізінде тиісті қаулы қабылданды.
Екінші мәселе бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Әуелбековтың 9 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Бүгінгі таңдағы мектептердегі оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, оқушылардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылу маусымында қатты, сұйық отынмен, газбен қамтылуына баса назар аудару қажеттігі айтылып, ұсыныстар негізінде тиісті қаулы қабылданып, орындау үшін бөлімге жолданатыны түсіндірілді.
Previous Post

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ордабасы ауданына аялдады

Next Post

Дархан Сатыбалды Кентауда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ашылған жобалармен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz