gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Такси жүргізушілерін «тонап» келген…

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Такси жүргізушілерін «тонап» келген…
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде соңғы уақытта тіркелген қылмыстардың денін алаяқтық қылмыстар құрауда. Соның ішінде интернет алаяқтық бойынша тіркелген қылмыстардың салмағы басым. Сондықтан, ҚР Ішкі істер министрлігі алаяқтық қылмыспен күреске барынша көңіл бөлуде. Өңірлерде арнайы топ жасақтап, бірқатар профилактикалық іс-шараларды өткізуде. Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңіртұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтық қылмыстарды ашты.

Соның бірі ретінде интернет арқылы алаяқтық жасап табыс тапқан азаматты ұстады. Ол “InDriver” қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен алдау арқылы жүргізушілердің жеке деректерін, атап айтар болсақ, жеке куәліктерін, тексеру үшін фотосуреттерді, сондай-ақ банк шоттарының деректемелерін алып отырған. Содан кейін күдікті жәбірленушілердің атынан микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеген. Қазіргі уақытта оның осындай тоғыз фактіге қатысы бары анықталды.

Жақына облыс полицейлерімен тағы бір алаяқ қамауға алды. Ол өзін спутниктік теледидар қызметкері ретінде таныстыра отырып, азаматтардың жеке деректерін алып, микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеген екен. Бұл алаяқтың осындай 30-дан астам фактіге қатысы бары анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Ақпараттық технологияларды өміріміздің барлық аспектілеріне кеңінен енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етуде. Жыл басынан бері осындай 1,5 мың қылмыс тіркелген. Мұндай қылмыстарға қарсы ҚР Ішкі істер министрлігі бірқатар шаралар қабылдауда.Мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке сектормен өзара іс-қимыл күшейтілді. ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша биометрия және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-кредиттерді ресімдеу жұмысы күшейтілді.Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар іске асырылуда.

Сонымен қатар, ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтықтардың жолын кесу үшін Цифлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдерімен, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларымен бірқатар кездесулер өткізілді.Байланыс операторлары қазақстандық абонентке қоңырау түсу кезінде ауыспалы нөмірлерді анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін антифрод-жүйелерді интеграциялау бойынша техникалық жұмыстар жүргізді.Қазақстан аумағында киберқылмысқа қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.Операция барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған 150-ден астам қылмыс, оның ішінде 130-дан астам интернет-алаяқтық анықталды. Бұрын жасалған 300-ге жуық қылмыс ашылды.

Бірқатар қалаларында азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдырумен айналысқан алты топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды.Олар банктік карталарды іздеумен және рәсімдеумен, сондай-ақ алаяқтық схемаларды ұйымдастырушыларға ақша аударумен айналысқан екен. Сонымен қатар тәртіп сақшылары украиналық әріптестерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Украинаның Днепропетровск облысында банк қызметкерлерінің атын жамылып, қазақстандық азаматтарды алдаумен айналысқан Call-орталықты таратты. Украинаның 32 азаматы ұсталды.

Міне, сондықтан да құқық қорғаушылар азаматтарға әр кез алаяқтардың елімізде ғана емесе, шетелдерде отырып та ойларын іске асыра алатынын ескертеді. Олардың алдауы мен арбауына алданбау үшін алдын алу шараларын жиі өткізеді. Ендігі жерде оқырмандарға алаяқтардан қалай қорғану керектігі туралы толығырақ ақпарат бере кетейік.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЖСН, ЭЦҚ, картаның сырт жағындағы CVV-кодты белгісіз адамдарға ұсына отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға аударылып  кету қаупі бар. Сондай-ақ, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер, жалған несие ресімделуі немесе автокөлік қайта ресімделуі мүмкін. Өзіңізді және ақшаңызды қаржы алаяқтарынан сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтаған жөн.

Айталық, қандай да болмасын жағдайларда парольді, кодтарды немесе төлемдерді растау үшін пайдаланатын өзге де конфиденциалды деректерді ешкімге айтпаңыз. Жеке басыңызды растайтын куәлікті немесе паспортты ешкімге бермеңіз, сәйкестендіру құжатының суретін әлеуметтік желілерге жария етпеңіз және мессенджер (Whats App, Telegram және басқалары) арқылы үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Күмәнді интернет-ресурстарда тіркелуге және осылайша, жеке деректерді бейтаныс адамдарға беруге болмайды. Электрондық почта және SMS-хабарлар бойынша хаттардағы күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Оларды бірден жойып тастаңыз және жіберушіні бұғаттау керек. Жеке хабарландырудың сайттарында аса мұқият болған жөн, мұнда алаяқтар сатушылардың, сондай-ақ сатып алушылардың рөлінде бола алады. Сайттың доменіне міндетті түрде назар аударған жөн. Адрес http:// емес, https:// басталуға тиіс. Ұйымның сайты немесе парағы жалған екендігіне күмәндансаңыз, осы ұйыммен байланысып, ақпаратты, әсіресе интернет-банкинг жүйесінде төлем жасау кезінде нақтылаңыз,. Банкке қоңырау шалыңыз және ақпаратты нақтылаңыз. Дербес ақпаратты ұсынуды талап ететін күмәнді интернет-конкурстар мен лотереяларға қатыспаңыз. Егер сіз онлайн-сатып алуды жоспарласаңыз, сайттың шынымен де интернет-дүкенге тиесілі екендігіне көз жеткізіңіз және Интернет арқылы сатып алуларға ғана арналған жеке карта алыңыз. Өзіңіздің барлық операцияларыңызды көру үшін өзіңіздің төлем картаңызға SMS — хабарлама немесе Push — хабарлама қызметін қосыңыз. Төлем картаңыздағы 3D-Secure функциясын ешқашан ажыратпаңыз.

Previous Post

Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді қолданады

Next Post

Түркістан облысында танысына алданатындар саны артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz