Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 17 459 шақырымды құрайды. Соңғы 5 жылда 6 мың шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүрген. Осы кезеңде жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жеткен.
Ал биыл 2 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылы нормативтік жолдар үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, облыста осы жылы «Дарбаза – Мақтаарал» бағытында теміржол құрылысы басталды. Жаңа жоба — қолданыстағы «Сарыағаш-Ташкент» теміржол бағытындағы жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш станциясы жүктемесін азайтуға және экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.