Елімізде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет тағдырына әрбір азамат тікелей жауапты екені айтпаса да белгілі. Расында да әрқайсысымыздың азаматтық ұстанымымыз еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін өте маңызды.
Еліміз тәуелсіздік алғанына биыл 32 жыл толады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанына тура төрт жыл толды. Мемлекет басшысы ретінде халыққа жолдаған бірінші Жолдауында қоғаммен ашық байланыс орнату, жұрттың сұранысына жылдам үн қату, әлеуметтік әл-ауқатын арттыру сияқты бағыттарға басымдық берген болатын.
Тағы бір айта кетерлігі, саясаттанушылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ұлттық саяси реформа жасаған. Бұл – үлкен жетістік. Сол арқылы жеке адамға дербестік, құқық, еркіндік берілді.
Айдар Сейдазым,
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы