Күні кеше сұлу Көкшенің төрінде, Оқжетпестің аясында, Бурабайдың баурайында«AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының белсенділері бас қосты. Мақсат әйелдердің қай салада болмасын еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуын арттыру. Әйелдер қанатының жұмысын ілгерілетуде 10 бағыт белгіленді.
Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдіктің басты ұстыны — Ана мен балаға қамқорлық екені белгілі. «AMANAT»-тың әйелдер қанаты әлеуметтік мемлекет құруға үн қататын, әрбір қазақстандық отбасының бақытты өмір сүруіне үлес қосатын байыпты ұйым болғалы тұр.
Партия белгілеген он бағыт ең әуелі отбасының ұйытқысы болып отырған әйелдердің тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. Бұл бағытта қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуде нақтылы шешімдер әзірленетін болады. Әйел азаматтардың өзіндік дамуына жағдай жасалып, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауда тиімді жобалар қолға алынбақ. Көпбалалы отбасыларды қолдаудың мүлде жаңа бағдарлары әзірленетін болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тамырына балта шабуда қоғамдастықпен кері байланыс арнасы түзілмек. Әйел көшбасшылардың жаңа буыны осылайша қалыптаспақ.
Әйелдер қанатының І отырысына қатыса отырып ерекше әсер алдым. Партиялық алаңда мәністі ойлар, мағыналы ұсыныстар айтылды. Президент айтқан ұлттың жаңа сапасы қазақ әйелімен бой түзейтініне көзім жетті. Қазақ әйелі бағасын білгенге – патшайым, бағаламайтындар үшін – жай ғана дәрменсіз тіршілік иесі. Қырық жанды әйелдер қоғамда ерлерден кем еңбек етіп жатқан жоқ. Табиғатынан көркем, ақылды әйелдеріміз елдің көшін сүйреуге, халықтың тұрмысын жақсартуға қосар үлесі өлшеусіз деп білемін.
Мен өз басым Әйелдер қанатының өңірдегі сәйкес кеңесшісі ретінде алдағы жұмыс жоспарымның жай-жапсарына тоқталғым келеді. Ең бірінші өңірдегі белсенді әйелдерді біліміне, қызметіне қарай іріктеп аталған 10 бағытқа бекітіп эксперттік топ құрдық. Эксперттік топ аудан, қалалардан сайланған депутат әйелдерге көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында методикалық көмектер көрсетеді, өзекті мәселерді жинақтап,шешу жолдарын қарастыратын болады.
Түркістан өңірі бірден-бір ұлт санының өсуіне демографияға үлкен үлес қосып отырған 177 мыңнан аса көпбалалы аналарөңірі. Түркістан әйелдері бала да туады, қызмет те жасайды, кәсіпкерлікпен де айналысады,бір сөзбен айтқанда әмбебап,өмірге икемді бейімделгіш..Облыс көлемінде 155 мың кәсіпкер болса, оның 32%-ы немесе 48 мыңға жуығы әйелдер..
Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 506 кеңес берілді; 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2023 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы 330 кәсіпкер 22,799 млрд. теңгеге қаржыланған, соның ішінде 135 әйел кәсіпкерлер 6,158 млрд. теңгеге қаржыланды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 2022 жылы 712 кәсіпкер әйелдің,2023 жылы 166 кәсіпкер әйелдің банктен алған несиесі субсияландырылды. Партия филиалы жанынан құрылған кеңеспен бірлесіп «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы жұмыстарымызды жалғастыратын боламыз.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында партиямыздың «Ауыл аманаты»Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» жобаларының тиімділігін айтқан болатын. Облыста «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 18,9 млрд. теңгені құрайтын 3143 өтінім мақұлданып, 14,7 миллиард теңгені құрайтын 2 474 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 592 өтінім3,3 млрды әйелдерге тиесілі.Әйелдер қанатының белсенділері «Ауыл аманаты»жобасында ауылдарда ауылдарды сегментке бөліп, қай елді мекен қандай кәсіпке ыңғайлы бұл бағытпен кәсіпкер мәслихат депутаттары айналысады, ал ғылым мен білім бағыты бойынша партия филиалы жанындағы сәйкес кеңес төрағасы облыстық мәслихат депутаты облыстағы ғылыммен айналысатын әйелдердің базасын эксперттік топпен бірлесе жасап заңнамаларға қажет өзгерістер бойынша ұсыныстар дайындайтын боламыз.Еңбекті қорғау және өндірістегі әйелдердің қауіпсіздігі бағытына Түлкібас әк зауытының директоры аудан депутаты Перизат Абдыбекова өндірістегі қауіпсіздікке байланысты әйелдердің өндірістегі арнайы киімдері жөнінде мәселені көтеріп үлгерді.Сонымен қатар, тұрмыстағы зорлық –зомбылықтың алдын-алуға көмектесуге бүкіл ауылдардағы белсенді партияластарымыз. дәрігерлер, ұстаздар қауымы жұмылдыратын болады.. Бұл тұста партия филиалы жанындағы сәйкес кеңеспен бірлесіп жұмыс атқарған да тиімділігін береді. Қоғамдағы бір үлкен проблема мүгедектігі бар отбасылардың шешілмеген мәселелері. Әйелдер қанатының бір бағыты инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу болса,облыстық Әйелдер қанатының алғашқы отырысынан кейін инклюзивті қоғам құру туралы көптеген ұсыныстар келіп түсті. Бұл жөнінде өтініш жасаған ынталы әйелдермен облыстық партия филиалында кездесу өткізіп, ҚР Оқу ағарту министрлігінің №532-ші Бұйрығы бойынша жұмыс берушіге тиісті талаптар талқыланды.
Облыстық мәслихаттағы 46 депутаттың6-уы13 пайызы әйелдер. Ал, облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 338 мандаттың 22-і немесе 6,5 пайызы әйелдер.
Әйелдердің бағына қарай соңғы саяси реформалардың нәтижесіндеҚР Сайлау туралы заңының 97-1 бабына әйелдер мен жастардың және мүгедектігі бар жандардың партия алған депутаттық мандаттардың 30 пайызын құрауы тиіс деп өзгеріс енгізілді.Бұл әйелдер үшін үлкен қуаныш болды. Мен сияқты депутаттар осы заңның тірі туындысымыз. Бұл тарих. Жаңарған Әділетті Қазақстан құру жолындағы әйелдерге жасалған қамқорлық қана емес атқарған еңбегімізге берілген партиялық баға.
Партия бізге мандат алып берді, енді біз партия беделіне жұмыс жасауымыз керек. Әйел тек отбасының ұйтқысы,берекесі ғана емес,қоғам ұйытқысы. Аты аңызға айналған ақылдың кені Домалақ ана, Ұлпан ана,Бопай ана,Ұмай аналарымыз қазіргі қыз-келіншектерге үлгі.
Әлем тәжірибиесіне келсек, Ұлыбританиядағы Суфрагеттер қозғалысы 52 жыл бойы адамдардың көзқарасын әйелдерге деген өзгерту болды. Ал, АҚШ Конституциясына 19-шы түзету әйелдердің қозғалысы арқылы енгізілді.Әйел әрдайым сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай тер төге береді. Тері ащы болғанмен жемісі тәтті. Біздің елімізде әйелдердің гендерлік теңдігі жоқ, қоғамдағы орны төмен деп айтуға ауыз да бара қоймас.,өйткені оны әркім өз басынан сезініп отыр.
Бізге Мемлекет басшысы да, «AMANAT»партиясы мүмкіндік беріп те, қолдап та отыр. Ендеше Әйелдер қанаты қанатын кең жая берсін, қанатымен мейірім шуағын шаша берсін!
Қалыйма Жантөреева,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі.Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,облыстың Құрметті азаматы.