Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекеніндегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы флюрографиялық және эксперттік ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен толықты. Бүгінде аурухананың зертхана бөлімі «Mindray» компаниясымен келісім-шарт негізінде жұмыс істейді.
Шорнақ және Ескі Иқан елді мекендеріндегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында енді адиограмма медициналық құрылғысы халыққа қызмет көрсететін болады. Ол — балалардың есту қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталықта гематологиялық, клиникалық, химиялық, коагулологиялық, серологиялық, иммундық талдау әдісімен зерттеулер жүргізіледі. Бұдан бөлек, аудандағы Ескі Иқан бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы мен Оранғай, Қарашық, Шаға, А.Үсенов дәрігерлік амбулаторияларында гематологиялық және клиникалық зерттеулер жүргізіледі.