2023 жылы 27-желтоқсан күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласы Яссауи даңғылы бойындағы базарларда, дүкен сөрелерінде жаңа жыл келмей жатып, қытайдың жалт-жұлт еткен атылғыш заттары қаптап кетеді.
Осыған байланысты пиротехникалық заттарды сатпауға, ең алдымен болшақ балаларымыздың амандығы үшін пиротехникалық заттарды сатып алмауға қолданбауға және өрт қауіпсіздігін сақтау Төтенше жағдайлардың алдын-алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Кентау қаласының тұрғындарына жаңа жылдық шырша мерекелерін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды қолданбауға және өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіріліп арнайы дайындаған жадынама парақшалары таратылды.