Кентау қаласында түсті полиметал кендерін және металургия өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша кен байыту комбинаты іске қосылады.
«КазОйлЭнерджи» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы жобаның құны 27 млрд. теңге. Жылына 3,5 мың тоннаға дейін өндірістік қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын 1500 адамды жұмыспен қамтып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлесін қосады.
Қазіргі таңда мұнда өндірістік алаңды дайындау жұмыстары қарқын алып, қажетті құрал-жабдықтар орналастырылуда. Өндіріс орны биыл тестілік режимде жұмысын бастайды.