gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік жіті бақылауда

18 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздік жіті бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Нұржан Ысқақов мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, облыс аумағында департаменттің қадағалауында жалпы саны 9 271 қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын 499 жеке кәсіпкерлік мекеме бар. Одан бөлек, департамент 6 өнеркәсіп саласы мен 9 қызмет түрлерінің қауіпті өндірістік аймақтарына бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
-Өткен жылдың қорытындысымен департамент 42 профилактикалық бақылау жүргізді. Жоспардан тыс 8 тексеру жұмыстары қолға алынды. Бақылау барысында жалпы 1 482 мекеме тексерілген. Оның ішінде 1 054 орында талаптар сақталмаған. Бақылау және қадағалау барысында есептік кезеңде 5 әкімшілік іс өндірісі қозғалып, үш заңды тұлғаға 396 750 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді. Департаменттің негізгі функцияларының бірі — мемлекеттік қызметтерді көрсету. Осы ретте 2023 жылы барлығы 701 қызмет көрсетілді,- деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау жүргізу кезінде 7 бірлік қауіпті техникалық құрылғылар тоқтатылып, сотқа талап-арыз жолданған. Бұдан бөлек, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспарға сәйкес, 155 техникалық құрылғылар ауыстырылды.
Previous Post

Түркістан облысының колледждерінде заман талабына сай 10 жаңа мамандық ашылады

Next Post

Түркістан облысында мақта кластеріне 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға келісім жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz