Құрметті Кентау қаласының тұрғындары!
Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз.
Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті. Біз жоба қатысушыларының жоғары бағасын алдық! Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша қалалық және ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.
«АMANAT» партиясы мен белгілі бір банк қызметкерлері бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Соның аясында проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру көзделіп отыр. Яғни, өз қаражатын тиімді жұмсау, несиелік қарыз санын азайту сынды тақырыптар қозғалады. Айта кеткен жөн, курс тегін. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құрайды. Мамандар Түркістан облысы мен облысқа қарасты аудандар мен қалаға қарасыты ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамтуды жоспарлауда. «Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы кезеңі ел бойынша 8 өңірде іске асырылады.
Жобаның мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, оқу процесіне қатысушыларға заңгер көмегі де көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады.
Бес күнге созылған оқу курсы сізге не береді деген сұраққа тоқталайық. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т.б. тиімді тәсілдерді үйренесіз.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т.б. құжаттар Кентау қалалық «AMANAT» партиясының поштасында қабылданады.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы жанындағы жобаның Орталық жобалау кеңсесі халықты оқытуды жүргізу үшін қаржы сарапшыларын жалдау туралы хабарлайды.
Осыған орай, әрбір ниет еткен тұлғалар қатысушы ретінде төменде көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі. Өтініш берушілерге қойылатын талаптарға келер болсақ, қаржы және экономика саласында жоғары білімнің болуы, бизнес-жаттықтырушы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы шарт, Excel-де қаржылық модельдер құра білу, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, қала және қалаға қарасты ауыл тұрғындары үшін тренингтер өткізу тәжірибесі кемінде 1 жыл болуы міндетті, екі ұсыныс хат. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында өтеді.
Барлық құжаттарды электронды ldysembekova@mail.ru почтасына жолдау қажет немесе өтінімді тіркелген жері бойынша қала әкімдігіне, ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалына хабарласу арқылы беруге болады.
Кентау қалалық «AMANAT» партиясы