gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бірнеше жылда мүлде қылмыс тіркелмеген ауылдар қатары көбеюде

22 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында бірнеше жылда мүлде қылмыс тіркелмеген ауылдар қатары көбеюде
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында полиция, жергілікті атқарушы органдар мен ауыл тұрғындары бірлесіп, қылмысты болдырмау бағытында нәтижелі жұмыстарды атқаруда. Олай деуімізге себеп, 2022 жылдан бері 10 ауылдық округтен тұратын Ордабасы ауданының 4 ауылында, яғни Төреарық, Жусансай, Аққойлы, Көлтоғанда қылмыс тіркелмеген.
Тұрғындардың айтуынша татулық пен бірліктің арқасында ауыл биін сайлап, арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, кішісі үлкенінің тілін алып, бір-бірін құрметтеуі мен ішімдіктің сатылмауы қылмыстың тіркелмеуіне себеп болыпты.
Ауылда бала кезінен тұрып, бүгінде абыз ақсақал атанған Мамед Багиров: «Біз бұл дәрежеге оңай жеткен жоқпыз, учаскелік полиция инспекторларымен бірге рейдке шығудан шаршамаймыз, түнгі уақытта көшеде жүрген жастарды көрсек, ақылымызды айтып, ата-анасына тапсырамыз. Шалыс басқандары болса теріс бұрылмаймыз, қайта олармен жақын сөйлесіп, мәселесін бірге шешеміз.
Қылмыстың басым бөлігі спирттік ішімдіктің салдарынан болатынын естіп жүрміз. Сондықтан ауыл арасында жергілікті атқарушы органдармен бірге іс-шаралар ұйымдастырып, кәсіпкерлермен келісіп, ішімдікті сауда орындарда, дүкендерде, жалпы мүлде сатпау бойынша шешім қабылдағанбыз. Ешкімді ешкім мәжбүрлемейді. Біз бұған өзара бірлесіп ұрпағымыздың болашағы үшін жасап отырмыз. Ішімдік жоқ жерде, береке, татулық пен бірлік бар, — дейді ақсақал.
Previous Post

Мектеп оқушысы жасанды интеллект қосымшасын жасап шығарды

Next Post

Жетісайда еуростандартқа сай санаторияның қосымша ғимараты іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz