gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түлкібастық жас мұғалімдер әдістемелік кеңеске қатысты

26 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түлкібастық жас мұғалімдер әдістемелік кеңеске қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинет мамандарының жылдық жоспарына сәйкес, математика және физика пәндерінің әдіскері М.Махсудовтың ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында «Критериалды бағалау» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңеске барлық білім ұйымдарынан 32 жас маманы қатысты.

Әдістемелік қолдау көрсету кеңесінің күн тәртібінде оқушылардың білімін критериалды бағалау және оны математика, физика сабақтарында пайдалану жолдары талқыланды. Әдіскерлер жиынтық бағалаудың мақсаты жайлы да ой бөлісті.

Реті келгенде айта кетейік, бүгіндеТүлкібас ауданында білім бөліміне қарасты 76 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 60-ы мемлекеттік мектеп болса, біреуі өнер мектебі. Ал, 15-і мемлекеттік, 33-і жекеменшік балабақша. Мектепте 23611 оқушы оқыса, мектепке дейінгі мекемелерде 5946 бала тәрбиеленуде.

Биыл ауданда «Жайлы мектеп»ұлттық жобасы аясында Түлкібас ауданынан 2 мектептің құрылысын қолға алу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, Састөбе поселкесіндегі білім ұясы 300 балаға, Т. Рысқұлов ауылы Нұршуақ мөлтек ауданындағы білім ошағы 600 балаға арналмақ.

Қазіргі таңдаТ.Рысқұлов ауылы Нуршуақ мөлтек ауданы, Бекбосынов көшесі №6 «б» мекен жайында орналасатын 600 орындық мектеп құрылысына 2,5 гектар, ал Састөбе кенті, Сейфуллин көшесі №1 мекен жайында орналасатын 3,5 гектар мектеп құрылысы үшін жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды.

Previous Post

Учаскелік полицей 4 қабаттан секірмекші болған тұрғынды құтқарып қалды

Next Post

Түркістанда жиһаз шығаратын жаңа зауыт ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz