Сауран аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, Бабайқорған жалпы орта мектебінде «Білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеу кезінде өздігінен тапсырмаларды құрастыру, қолдану және талдау» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың білім жетістігін мониторингілеуде жоғары көрсеткіш көрсетуіне және олардың танымдық мүмкіндіктері мен деңгейін көтеруге ықпал ету болды.Педагог мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін іс-шараға бастауыш сыныпмұғалімдері қатысып, әріптестерінің жұмыстарымен танысты. Ғаламтор арқылы тест құрастыру жолдарын үйреніп, тәжірибе алмасты.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Есенғараева Динара Шырбанқызы қаңтар айында алынған тест нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасады.
Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданында 54 (12 жекеменшік) мектеп, 41 (28 жекеменшік) балабақша жұмыс істейді. 3474 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішіндеарнаулы білімді педагог жоқ.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда, атап айтсақ, өңірде қазіргі таңда 51 — «педагог-шебер»;507 — «педагог-зерттеуші»; 813 — «педагог-сарапшы»;756- «педагог-модератор» мен 1071– «педагог»санаттағы мамандар жұмыс істейді.
Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті. Бұл 100 пайызды құрады. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.
Бөлімге қарасты 54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш, 12 жекеменшік мектеп бар. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады. 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты 48 жалпы білім беретін мектептер жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, мектептердегі үлгерім пайызы – 100, білім сапасы 66 пайызды, орта балл – 3,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары.
Ауданда мектепке қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылып, «mektep.smartnation.kz» порталы арқылы жүргізілді.2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныпқа 2372 оқушы қабылданды. Аудан бойынша былтыр 1335 түлек мектеп бітіріп, 1052 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 72,8 баллды құрап, 60 оқушы «Алтын белгі» иегері болып табылды.
2022-2023 оқу жылында 6 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті.