Сауран ауданында аудандық білім бөліміне қарасты 54 (12 жекеменшік) мектеп, 41 (28 жекеменшік) балабақша жұмыс істейді. 3 мыңнан астам мұғалім оқушыларға дәріс береді. Оның ішінде арнаулы білімді педагог жоқ.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда. Бүгінде аудандағы ұстаздардың 51-і «педагог-шебер», 507-і «педагог-зерттеуші», 813-і «педагог-сарапшы», 756-сы «педагог-модератор», 1071–і «педагог»санатын алған. Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті. Бұл 100 пайызды құрады. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473 педагог, педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.
Бөлімге қарасты 54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш, 12 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 08 – қарашадағы №500 бұйрығына және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып, мемлекеттік стандарт толық орындалды.
Нәтижесінде 2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты 48 жалпы білім беретін мектеп жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетті.Атап айтқанда мектептердегі үлгерім пайызы – 100, білім сапасы 66 пайыз, орта балл – 3,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары.Ауданымызда мектепке қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылып, «mektep.smartnation.kz» порталы арқылы жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныбына 2372 оқушы қабылданды. Аудан бойынша былтырғы жылы 1335 түлек мектеп бітіріп, 1052 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 72,8 балды құрап, 60 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
2022-2023 оқу жылында 6 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 52 бірлікті құрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 12 балабақшаға өсті. Оның ішінде жекеменшік балабақшалардың үлесі 68,2 пайызды құрады.
52 мектепке дейінгі ұйымға 2-6 жас аралығындағы 6140 бала қамтылып, 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 97 пайызды құрады. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 99 пайыз болды.
Орындарды бөлудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың ықтималдығын азайту, ата-аналарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында балабақшаларға жолдама беру мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауавтоматтандырылып, «SMARTNATION.BALABAQSHA» (смартнейшн балабақша) электронды парталмен жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгінде балабақшада 540 педагог қызмет атқарады. Олардың (127 педагог) 27,4 пайызы санатты ұстаздар.
Жалпы бөлімге қарасты 41 мектептің 36-сы кітапханамен қамтамасыз етілген. 5 бастауыш мектепте кітапхана жоқ. Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, 650 әдеби кітап сыйға берілді.Мектеп кітапханаларын автоматтандыру мақсатында «Е-КІТАПХАНА» портфолиосы енгізілді.
Өткен оқу жылында республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 41 оқушыдан 18 оқушы жүлделі орын, 5 Алғыс хат иеленді.
Инклюзивті оқыту бойынша білім бөліміне қарасты 42 мектепте 0-18 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны – 957.7-18 жас аралығындағы — 630, оның ішінде 151 оқушы инклюзивті біліммен қамтылса, 182 оқушы үйде оқып тәрбиеленеді. Үйде оқытылатын оқушылар компьютер, оқулықпен қамтылған.
Ауданда инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген балалардың үлесі 24 пайызды, инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген мекеме саны 17 мектепте ашылып, мекеме үлесі 42 пайызды құрады. Қазіргі таңда жалпы межеленген жоспар орындалды.
Кең жолақты интернет желісіне 34 мектеп қосылған, 7 мектептің провайдерлердің техникалық мүмкіндігі жоқ болуына байланысты интернетке қосылмаған.Оның ішінде 1 мектеп- 30 мб/с, 10 мектепте – 20 мб/с, 13 мектепте – 10мб/с, 10 мектепте 4 мб/с. Бұл 83 пайызды құрады. Ауданда 7 мектептің (4 М/бит /сек) кең жолақты интернетке қосылу мүмкіндігі төменгі деңгейде (Ә.Сығай, №1, М.Балақаев, Қаражон, Серт, Жалаңтөс, Көксарай).
Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығын арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның кешендік жоспарына сәйкес 2022-2023 жылдары интернет жылдамдығы төмен болған мектептерді 10 Мб/с жылдамдыққа жеткізу жоспарлануда.
Сауран бойынша жазғы сауықтырумен қамтуға жататын оқушы саны – 18547 бала. Жалпыға білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бюджеттен қаржы қаралып, қала сыртындағы лагерьге 1000 баланы қамтылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектепішілік сауықтыру алаңына бастауыш сынып оқушыларынан мектепте — 8700 бала тамақсыз қамту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 20,5 пайызға өскен.
Сауран ауданы бойынша қосымша білім беру мекемесі жоқ.Мектепішілік қосымша біліммен 13082 бала қамтылған, бұл 61 пайызды құрайды.Ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылған.
2023 жылы 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толық бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 2023 жылы 300 орындық Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекенінде бір мектеп қыркүйек айында пайдалануға берілді.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес, 41 мектепке 360 дана камера орнатылды. Бөлімге қарасты барлық мектептер дабыл батырмасымен қамтамасыз етіліп, жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, бала саны 300 асатын 28 мектепке мамандандырылған күзет қызмет атқарады. 10 мектептің қоршауы жаңартылды.