gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандық балаларға алғашқы төлемдер түсе бастады

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандық балаларға алғашқы төлемдер түсе бастады
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарлама бойынша алғашқы нысаналы жинақтар 2024 жылғы 1 ақпанда түсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараты бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балаларды қоса алғанда). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балаларды қоса алғанда).
Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде бірдей сома есептелді.
Бұл алғашқы есептеулер. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады.
Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана беріледі. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына аударылады.
Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.
Previous Post

Түркістанда дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Next Post

Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне қатаң талап қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz