gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Түркістан облысы полициясының «қызмет орталығын» ашты

9 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Түркістан облысы полициясының «қызмет орталығын» ашты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов Түркістан облысының полиция департаментінде болып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге «қызмет орталығының» ашылу салтанатына қатысты.

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов екі қабаттан тұратын ғимаратты толығымен таныстырып шықты: «Сервистік орталық аптасына бес күн, таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мұнда анықтама бөлімі, күту залы мен полицияның қызмет көрсету орындары бар. Күту залында отырып келушілер теледидар қарауына, газет журнал оқуына және ыстық кофе, сусын ішуіне мүмкіндік бар.

Сондай-ақ бейнебақылау камераларымен, интернетпен, заманауи құрал-жабдықтармен және кеңсе жиһаздарымен жабдықталған. Орталық тұрғындарға түрлі бағытта қызмет көрсетіп, халықтың полицияға қатысты сұрақтары жедел қаралатын болады», — деп атап өтті генерал.

Бір мезетте 50 адамға қызмет көрсете алатын орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағыларға да жағдай жасалған. Мәселен олар екінші қабаттағы мамандарға көтерілмей, бірінші қабаттағы арнайы бөлмеден бірден қызметін алуына болады.

Онда 10-нан астам полиция қызметкері, яғни көші-қон, әкімшілік, жергілікті полиция салалары мен басқа да мамандар қызметтерді ұйымдастырумен қатар кеңестер де береді. Атап айтқанда әкімшілік айыппұлдарды төлеу, тексерту мен әйелдердің құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау және т.б.

Орталықтың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысып, қызметтік бөлмелерді қарап шыққан Еркін Ботақанов өзінің оң бағасын беріп, мұндай орталық ашудың мақсаты – полицияның қызметін халыққа дер кезінде сапалы беру, қоғамдағы ашық диалог пен кері байланыс, азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру, облыс тұрғындары мен қонақтарына сауатты консультациялық көмек көрсету үшін маңызды екендігін атап айтты.

Шара соңында генерал-лейтенант Еркін Советбекұлы облыстық Полиция департаментінің және Жедел басқару орталығының ғимараттарын аралап, кезекші бөлім, қызметтік кабинеттер, спорт зал, тир, мәжіліс залы және ахуалдық орталықпен танысты.

Previous Post

Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын үйлестіруде көш бастап тұр

Next Post

Кентау қаласының әкімі тұрғындардың өтінішін тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz