Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.
ЖРВИ/тұмау сырқаттанушылығының клиникасы ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 104-бабының 2-тармағы,
ҚР ДСМ 27.05.2021 жылғы «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-47 бұйрығының 11-тармағы,
«2022-2023 жылдардың эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.09.2022 жылғы №30 қаулысының 5-тармағының 4-тармақшасы негізінде ЖРВИ мен тұмаудың жаппай сырқаттанушылығын болдырмау мақсатында, халық арасында бұрқаулармен топтық сырқаттанушылықтың алдын алу және ауруды жұқтырудан сақтанудың іс-шаралары жүргізіледі:
суықтаудың клиникалық белгілері бар науқасты дер кезінде үйінде, ауруханада немесе ұйымдасқан ұжымның фильтр бөлмесінде оқшаулап, науқастың ауырлық жағдайына қарай дәрігердің тағайындауымен амбулаториялық немесе ауруханалық (ауырлықтың орташа және ауыр дәрежесінде өтетін ЖРВИ және тұмау белгілері, жүрек-қан тамыр, өкпе, бөліп шығару, эндокриндік жүйе тарапынан қоса жүретін созылмалы аурулары мен гематологиялық патологиясы бар науқастар) және эпидемиологиялық (сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), жатақханаларда тұратындар) стационарда ем қабылдайды;
емханаларда, білім беру және мектепке дейінгі нысандарда, жоғары және орта білім беру мекемелерінде келушілер мен жұмыскерлерді (мұғалімдерді, оқушыларды, тәрбиешілерді) және балаларды күнделікті «кіру» сүзгісінен медициналық қызметкерлер немесе ішкі кестеге сәйкес кезекшілер өткізу керек. Респираторлық инфекция белгілерімен (жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуы 370С-тан жоғары) білім беру ұйымдарына және бала-бақшаға кіруіне жол берілмейді;
ұйымдасқан ұжымдарда жеке қорғаныс құралдарын (санитайзерлердегі антисептикті) дұрыс пайдалануға үйрету және дұрыс орындау. Қолды жиі жуып, кептіргішпен кептіру керек;
барлық мекемелердің бөлмелері дезинфекциялау және жуу құралдарымен күніне 2-3 реттен ылғалды жуып-тазартумен 15 минуттан жиі желдетіледі;
стационар бөлімшелері бойынша медицина қызметкерлерінің қозғалысын және келушілер санын шектей отырып, БМСК мекемелерінде, стационарлардың, перзентханалардың, жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық персоналы үшін бетперде режимін сақтау қажет;
әрбір 3 сағат сайын медициналық маскаларды ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлер бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз етіледі;
адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдаланып, бөлмелерді залалсыздандырылу қамтамасыз етіледі;
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізу шектеледі;
балалардың сабаққа қатыспау себептерін анықтау және сырқаттану жағдайлары туралы медициналық ұйымдарға, аудандық СЭББ-ға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізіледі;
ұйымдасқан ұжымдардың ғимаратының әрбір қабатында немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдікті балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысы ұйымдастырылады;
оқу кабинеттерінде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды желдетілетін үй-жайлардан шығару кезінде үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы желдету режимі күшейтіледі;
үй-жайларда + 18 ºС-тан + 22 ºС-қа дейін температуралық режим қамтамасыз етілуі тиіс және арнайы бейіндегі бөлмелер қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылуы керек;
білім беру мекемесінде (мектепке дейінгі топтағы) бір сыныптағы (мектепке дейінгі тобындағы) балалар арасында бір мезгілде 20%-дан 30%-ға дейін пайда болған топтық ЖРВИ аурулары анықталған кезде сыныпта (топта) оқу процесін Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін (әрі қарай — СЭБД), денсаулық сақтау басқармасын (әрі қарай ДСБ), аумақтық СЭББ хабардар етумен уақытша тоқтатылады. Байланыста болған адамдарға 7 күн медициналық бақылау жүргізіледі, білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылады, ЖРВИ-мен соңғы анықталған науқастан кейін 7 күн инкубациялық кезеңде топқа (сыныпқа) жаңа балалар қабылданбайды;
білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында эпидемиялық процесте ЖРВИ-мен ауырған науқастардың жалпы саны 30 % және одан жоғары болған жағдайда тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында ЖРВИ-мен соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезеңге оқу процесі СЭБД, ДСБ, аумақтық СЭББ хабардар етуімен уақытша тоқтатылады;
оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыру, сондай-ақ қызметкерлер мен ата-аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізіледі;
Қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте медициналық бетперде кию ұсынылады.
Сақтанып – жақынымызды сақтайық!
Ә. Төлебаев,
Шымкент қаласы СЭБД басшысы