Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ә.Жангелдин атындағы №32 жалпы білім беретін мектепте “Қалдық заттарға екінші өмір сыйла” жобасы аясында “Эстетика пән бірлестігінің” ұйымдастыруымен “Қалдықтарды табысқа айналдырайық” атты тақырыпта 5-9 сынып оқушылары арасында ауқымды іс-шара өткізілді.
Іс шараның мақсаты табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, күтуге, оқушыларды үйрете отырып пайдалануға жарамсыз бұйымдардан, яғни істен шыққан қалдықтарды қайта өңдеп, оларға әр беріп күнделікті өмірде қолдануға болатын бұйымдар жасау, пайдаға асыру, табыс көзіне айналдыруболды. Сондай-ақ, оқушылардың ой-өрісін дамытып, еңбек сүйгіштікке баулуға да көңіл бөлінді.
Аталған іс-шараға оқушылар пән мұғалімдерінің басшылығымен белсене қатысып, күнделікті өмірде қолдануға жарамсыз болып, тасталған қалдықтардан неше түрлі заттарды қайта өңдеп, жасап көпшілікті таңқалдырды. Жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Адам өмірінің барлық салаларына әсер еткен ең көп таралған материалдардың бірі – пластик. Пластик ең ыңғайлы және қайта пайдалануға оңай. Сонымен қатар, пластиктен жасалған бөтелкелер мен пакеттерді қалдықсыз толық көлемде өңдеуге болатыны белгілі.
Осындай қызықты да, әсерлі іс-шараға көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Қаймахан Серманизовтың жетекшілігімен 9-7 сынып оқушылары Құтжанбек Ерасыл, Пернебек Ерасыл ПВХ материалы және пластик бөтелке қалдықтарынан, Төлеужан Шыналиевтың жетекшілігімен 5-6 сынып оқушылары Саттар Ренат, Сапарбек Ерсайын жұмыртқа қораптары мен қаңылтыр құтылардан, Сайера Бабатаеваның жетекшілігімен 6-сынып оқушылары Мұратқызы Аружан, Сапарәлі Үміт, Қаймахан Нұрханым ағаш бұтақтары мен қағаз қалдықтарынан, пластик бөтелкелерден және түрлі басқа да қалдықтардан жасаған жұмыстарын ерекше атап өтті.
Оқушыларды табиғатты аялап, қоқыс қалдықтарын тастамай, қоршаған ортаны ластамай таза ұстауға тәрбиелеу жұмыстары мектепте одан әрі жалғасын таба бермек.
Бүгінде Арыс қаласындағы 37 білім беру ұйымдарында жалпы 1-11 сынып аралығында 18558 оқушы білім алуда. Былтырғы оқу жылында Б.Оңтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепке облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Тапсырыс беруші: Арыс қаласының білім бөлімі. Мердігер мекеме «СервисЦентр-2007» ЖШС-і болды. Конкурстың құны – 344,957 млн теңге. Мердігер мекеме ғимараттың сыртқы сайдинг және ішкі сылақ жұмыстарын жүргізіп, есік, терезелерін ауыстырып, жылу жүйесін ретке келтіріп, қазандығын ауыстырды. Электр жүйесі мен едені, қоршауы, спорт алаңдары жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясына 200 орындық қосымша оқу корпусы салынып, оқушылардың білім алуына берілді. Оның құны– 309 млн 939 мың 876,00 теңге. Мердігері «Ar Kua Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті жұмыстарды жүргізіп, нысанды уақытылы тапсырды.
Бұдан бөлек, жақында И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусы салынып, пайдалануға беріледі. Оның жалпы құны – 515 млн 560 мың 450,94 теңге. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Vek-Stroy-Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Бұйыртса, 2024 жылдың тамыз айында «Отырар» тұрғын ауданында — 600 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Оның жалпы құны – 1 млрд 194 млн 287 мың 255,28 теңге. Құрылыс жұмыстарын мердігері «Аша-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізетін болады. Қазіргі таңда «Тараз» тұрғын ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды, 2024 жылы 1 қыркүйекке пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Наурыз» тұрғын ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 600 орынды жаңа мектептің құрылысы 2024 жылы басталады, 2025 жылы 1 қыркүйекке пайдалануға беріледі деп күтілуде.