Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдан бастап бөлшек салықтың арнайы режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді.Егер бұрын бұл тізбеде 190 қызымет түрі болса, енді бұндай қызмет түрлері 364-ке жетті.
Осыған орай, Кентау қаласы әкімдігі тарапынан бөлшек салықтың арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 4 % -дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешімі қалалық маслихаттың қарауына ұсынылды. Алдағы өтетін қалалық маслихаттың кезекті сессиясында қаралу жоспарлануда.
Салық мөлшерлемесін 50% -ға дейін төмендету кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді.
Бөлшек салық режиміне ауысқысы келетін салық төлеушілер 2024 жылғы қаңтарда қолданылатын режим туралы хабарламаны ұсыну қажет. Бұл хабарламаны «e-Salyq Buisness» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.
Айта кету керек, мемлекет бизнеске барынша қолдау көрсетуде. Қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінде 6700-ге жеткен.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі