Словакия елінің Шаморин қаласында наурыз айының 22-24 күндері аралығында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі сарапқа салынды. Халықаралық деңгейде өткен күрес додасында түркістандық балуан Ернұр Батырғали сынға түскен болатын. Ол +55 келіде бақ сынаған жас спортшы қарсылас шақ келтірмей алтын медальді қоржынға салды.
Жалпы Қазақстан құрамасы аталған сайыста 12 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 2 орынға жайғасты. Оның үшеуі алтын, төртеуі күміс және бесеуі қола медаль.