gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Татарстанда «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Татарстанда «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Татарстан мемлекетінің астанасы Қазан қаласындағы «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер мұражай-қорығында «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды. Шара – көрнекті ақын, түркі әлемінің ойшылы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына және Түркістандағы Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Көрме – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының ұйымдастыруымен өтті. Онда Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен суреттер, шәкірттерінің еңбектері көрсетілген. Одан бөлек, Ясауи кесенесімен байланысты тарихи жәдігерлер бар.
Көрмеге келген еліміздің Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов ХІХ ғасырдың ортасында Ясауидің кітаптары алғаш рет Қазан баспаханаларында басылып, бүкіл әлемге таратылғандығын атап өтті. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының директоры Мәулен Садықбеков жобаның мақсаты – бүкіл түркі халықтарының мәдениеті үшін ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауидің философиялық жауһарларын таныту екендігін атап өтті.
Қазан қаласындағы көрме 20 сәуірге дейін жалғасады. Кейін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы өз сапарын Өзбекстан мен Түркия елдерінде жалғастыруды көздеп отыр.
Previous Post

Дархан Сатыбалды келестегі көпір мен су нысанының жағдайын қадағалады

Next Post

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл жалғасын табады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz