gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда қазақ хандары мен билерінің рухына құран бағышталды

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда қазақ хандары мен билерінің рухына құран бағышталды
Share on FacebookShare on Twitter
«Түркістан – Қожа Ахмет Яссауи» мешітінде Түркістанда мәңгі қоныс тапқан қазақ хандары мен билерінің рухына құран бағышталып, ауызашар берілді. Рухани кеште облыс әкімі Дархан Сатыбалды барша қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
– Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күллі мұсылман қауымы, ата-бабаларымыз бұл айды асыға күтіп, құлшылықтарын күшейткен. Елдің амандығы, бірлігі үшін дұға етіп, Алладан тілек тілеген. Қазір еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынына қарсы жұмыстар атқарылып жатыр. Сондағы бауырларымыз, отандастарымыз үшін де тілек тілейік. Қиындықтар артта қалсын! Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, табиғи апат салдарынан жапа шеккен алыстағы ағайын-бауырға қол ұшын беріп, көмектесуге шақырамын. Құтты, қасиетті айдың соңғы күндерінде тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Қазақ үшін Түркістанның орны айрықша. Мемлекет басшылығы тарапынан қасиетті аймаққа көңіл бөлініп жатыр. Біз Түркістанды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! – деді облыс басшысы.
Кеш Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповтың ауызашар батасымен басталды. Жиынды дәстүрлі әнші Бекзат Сәкенұлы жүргізді. Кеш барысында ардагерлер, абыз қариялар, зиялы қауым өкілдері тағылымды әңгіме, өнегелі өсиет туралы ой өрбітті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов уағыз айтса, Әміре қажы Бекайдар бата берді. Қожа Ахмет Ясауидің, қазақ хандарының рухына құран бағышталды.
Рухани кешке қатысқан жамағат бір-біріне «Оразадан оразаға аман-есен жете берейік» деп тарқасты.
Түркістан топырағында 40-тан астам діни-рухани тұлға, қазақтың 21 ханы, 8 сұлтан, 20-дан астам би, 60-тан астам батыр, әзіз аналар, игі жақсылар жатыр. Аталған аңыз адамның барлығы да қазақ тарихы мен руханиятында ерекше мәнге ие.
Previous Post

Түркістанда медициналық орталық пен маңызды нысандар салынады

Next Post

Түркістанда «Таза қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz