gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды
Share on FacebookShare on Twitter
Құрметті Кентау қаласының тұрғындары!
Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында ел өңірлерінде жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамашылдығымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналады.
1-ші апта (6, 13 сәуір) – “Таза өлке” күні тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізеді.
2-ші апта (20 сәуір) – “Киелі мекен” күні тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады.
3-ші апта (27 сәуір) – “Жасыл аймақ” күні. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу жұмыстары жүргізіледі.
4-ші апта (4 мамыр) – “Өнегелі ұрпақ” күні ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болмақ.
5-ші апта (11 мамыр) – “Мөлдір бұлақ” күні өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылады.
Осыған орай барша қала тұрғындарын акцияға жаппай қатысуға шақырамыз!
Previous Post

Түркістанда «Таза қазақстан» акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Next Post

Хабарландыру

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz