gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштық дәрігерлер Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаштық дәрігерлер Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді
Share on FacebookShare on Twitter
Сарыағаш орталық ауруханасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді. Азық-түлік, тұрмыстық әрі гигиеналық заттар мен көрпе-төсек, әлеуметтік қажетті заттар тиілген 2 жүк көлігі Атырау облысына жөнелтілді.
Апатты аймақтағы тұрғындарға жәрдем қолын созуға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев бастаған ұжым қызметкерлері белсенді атсалыстып жатыр.
“Еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, әбігерге салуда. Осындай қиын кезеңде зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету біздің азаматтық міндетіміз деп білеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, күшіміз – бірлікте. Сондықтан ел болып бірігіп, қиындықты жеңіп шығамыз”, дейді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев.
Осылайша, Ораза айт мерекесінде игі іс жасап, апатты аймақтағы халыққа көмек көрсетуде белсенділік танытқан Сарыағаш орталық ауруханасының ұжымы халықтың күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Түркістан өңірінен су баспан аймақтарға гуманитарлық көмек жіберуі бастамалары әлі де жалғаса береді.
Previous Post

Түркістанда адам құқықтарын қорғауға бағытталған семинар-тренинг өтті

Next Post

Күш бірлікте!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz