gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Пробация – жаза басқандарға жәрдемдесу

10 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Пробация – жаза басқандарға жәрдемдесу
Share on FacebookShare on Twitter

Пробация қызметінің мақсаты – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды қоғамға қосу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу, ескерту және жолын кесудің бірден-бір жолы – сотталғандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету және тұрмыстық жағдайларын ұйымдастыру, әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы бағытта Кентау қаласы прокурорының 08.01.2024 жылғы өкімімен қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында пробация және жергілікті полиция қызметтерінің есебіндегі адамдарды жұмыспен қамту және кешенді әлеуметтік көмектер көрсету арқылы қайта қылмыс жасау деңгейін төмендету мақсатында жергілікті басқару ұйымдарының басшыларымен жұмысшы топ құрылды.
Ал, жыл басынан 63 сотты болған азаматтарды жеке өзім қабылдадым. Қабылдау мақсатым, сотты болғандарды қайта қылмыс жасамауына толық түсіндірме жүргізу және әлеуметтік-құқықтық, медициналық, тұрмыстық көмек көрсету болды.
Қалалық мансап орталығымен тұрақты жұмысқа есепте тұрған 13 адам орналастырылды. Жастар ресурстық орталығының психологі пробация қызметі есебінде тұратын 71 сотталғандармен кездесіп сұхбат жүргізді. Қалалық емхана тарапынан пробация қызметінің есебінде тұрған 17 адам тегін медициналық тексеруден өткізіліп, анықтама берілді, білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде қалалық пробация қызмет бөлімінің есебінде тұратын сотталғандардың 15 оқушы балалары ыстық тамақпен қамтылды, білім бөлімі тарапынан қажетті құрал жабдықтар, мектеп формасы берілді.
Бұдан бөлек 29.02.2024 жылы сотталған адамдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футболдан қысқы турнир ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушыларға мақтау қағазы, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жұмысшы топпен есепте тұрған 48 адаммен сот үкімімен белгіленген шектеулердің орындалуы тексеріліп, 3 сотты болған адамға мекен жайында болмауына байланысты акт түзіліп, ескерту берілді.
Бүгінде пробация қызметі түзеу мекемесінен босап келген және сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіп, жұмыспен қамтып, олардың сабырлық пен ұстамдылық қасиеттерін дамытуға, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өздерін тәрбиелеуге, қабілеттерін одан әрі арттыруға ықпал етуде.
А.Абдрешов,
Кентау қаласының прокуроры

Previous Post

Кентауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр

Next Post

Арыс қаласында экоакция аясында үй аулаларын тазарту жұмыстары жүрді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz