gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында жиһаз және тігін цехы ашылды

19 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында жиһаз және тігін цехы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Оранғай ауылдық округіндегі жаңа тігін цехының ашылу салтанатына қатысты. Тігін цехы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен «Игілік» әлеуметтік жобасы арқылы қолға алынған. Бүгінде жобаға көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алушы, мүгедектігі бар аналар қатысып, тігін тігуді үйренуде.
Аталған ғимаратқа аудандағы жеке кәсіпкер «Sem-Brand» жиһаз фабрикасының басшысы Бабыр Абиловтың демеушілігімен 7 дана тігін машинасы алынған. Тігін тігуді үйренген 10 азаматшаны жеке кәсіпкер тарапынан тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Аталған жоба алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтерде қолға алынбақ.
БАҚ өкілдері кейін Жүйнек ауылдық округінде жаңадан ашылған «Asia Brand» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорында 30 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Негізінен тұрмыстық жиһаздарды өндіретін кәсіпорында жатын және қонақ бөлмеге, ас үйге арналған жиһаздар өндіріледі. Сондай-ақ, түрлі шкафтарды жасап шығарады. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы — 10 000 дананы құрайды. Кәсіпорын басшысы Ұйғын Әбішевтің сөзінше, жиһаздарға отандық және түрік материалдары қолданылады. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған. Бүгінде цех қызметкерлері жиһаздың сан түрін жасап шығарып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысының жастарына «Серпін» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Түркістандық оқушылар 16 мемлекет арасында үздік атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz